Мәдениет
11 желтоқсан 10:20
Жеңіс Ысқақова: Ененің рөлін әлі сезінген жоқпын
Жақында тұңғышын үйлендіріп, келін түсіріп, қолы ұзарған Жеңіс Ысқақова ененің рөлін әлі сезінген жоқпын дейді. Себебі әнші дүбірлі тойды өткізе салысымен Астанаға ауысып кеткен. Бұл туралы «Айта берсін» бағдарламасында айтылды.


 
«Өзім әлі сезіне қойған жоқпын. Тойдан кейін бірден жұмыс бабымен Астанаға ауысып кеттім. Әр отбасының өзінің заңы бар, дәстүрі бар. Оны да әлі көрсетіп үлгермей жатырмын. Өйткені демалыс күндері ғана келемін. Шайымды ішемін де, жүгіріп кетемін. Аллаға шүкір, сәлем салады. «Мама не істейін?»-деп алдымда тұрады. Кейде мен апыл-ғұпыл келіп кеткенде көзі жыпылық-жыпылық етіп, «Не істейін» деп тұрады ғой. Мен: «Мен сондай қорқыныштымын ба? Сен неге қорқасың?»-деймін ғой. «Жоқ-жоқ, мен сізге қолғабыс болғым келіп тұр, асығып жатырсыз ғой»-деп, ниетін білдіріп тұрады. Арасында үйдің тірлігін айтып тұрамын. Өзі жұмысына да барып келеді, үйдің тірлігіне де үлгереді»-дей әнші.
  
Дереккөз: Reactor

Комментарии




Яндекс.Метрика