14 Декабрь
22:46
Астана: -21 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Әлем жаңалықтары
12 мамыр 14:32
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Жер реформасы бойынша комиссияның алғашқы отырысы Астанада 14 мамыр күні өтеді

Қазақстанда Жер реформасы бойынша комиссия құрылды. Оның құрамына Парламент депутаттары, Үкімет мүшелері, мемлекеттік органдар, саяси партиялар, агробизнес өкілдері, ғалымдар мен азаматтық белсенділер атынан ұзынсаны 75 адам енді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, жасақталған Комиссияның алғашқы отырысы Астанада 14 мамыр күні өтеді. Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары: - Комиссияға барлық өңірлердің өкілдері қамтылған. Біз еліміз, оның бейбіт болашағы үшін алаңдайтын азаматтарды ынтымақтасуға шақырдық. Халықты барынша қамту үшін облыстық әкімдіктің жанынан құрылған қоғамдық кеңестер жұмысқа жұмылдырылды. Комиссия біздің азаматтарымызға барынша пікірталастар барысы туралы дұрыс ақпаратты БАҚ режимінде ашық түрде алуы үшін жұмыс істейтін болады. Бұдан басқа арнайы Jerturaly.kz порталы іске қосылды. Порталда Комиссияның жұмысы туралы барлық ақпарат орналастырылады. Мұнда қолданушылар көкейтесті сұрақтарын қойып, өз ұсыныстарын қалдыра алады. Қосымша арнайы Колл-центр жұмыс жасайтын болады. Бірінші отырыс Астанада 14 мамыр күні өткізіледі. Сонымен қатар аумақтарға бару жоспарланған.

24.kz
нравится:    658
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии