17 Август
05:31
Астана: 12 °C
Алматы: 16 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Туризм
11 сәуір 12:40
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Жер шарындағы ең қауіпті жанартаулар
Жанартау атқылауы - магма балқымаларының немесе өте ыстық қатты кесектердің, сұйық лавалардың және газ бөлшектерінің жер бетінен көрініс беру процесі. Жанартауатқылауы тек қана лавалардың төгілуімен немесе осы процеспен орайлас өрбитін қопарылыстармен сипатталады, қопарылыс барысында магма құрамындағы газдар және сол магма есебінен қалыптасқан кесектер мен күлдер зор қарқынмен аспанға атылуы ықтимал.

National Geographic мәліметтеріне қарағанда жер бетінде 1900 жуық жанартау көздері бар. Зерттеуші ғалымдар ұйыдағы жанартаулардың оянуы кез келген уақытта туындауы мүмкін екендігін алға тартады. Алайда, жанартау орналасқан орындар қауіпті мекендер ғана емес, туристер өте көп ағылатын орындарды құрап отыр. Осы ретте Fox News басылымы жер шарындағы ең қауіпті деген жанартаулар тізімін былай жасапты.

1. Йеллоустон ұлттық саябағы, АҚШ



Йеллоустон ұлттық саябағында әлемдегі алып жанартаулардың бірі орналасқан. Йеллоустоундағы гидротермалды көздер ғаламат жанартау арқылы басқарылады.Жаппай жарылыс болғанын кальдера дәлелдейді, соңғы жарылыс бұдан 640 000 жыл бұрын болған.
Йеллоустон алып жанартауы енді атылатын болса, 1000 атом бомбасының күшіне тең қуатпен шығатын болады.

2.Асо тауы, Жапония





Асоның биіктігі 1592 м және Жапониядағы ең белсенді жанартаулардың бірі болып табылады. Сондай-ақ туристер арасында ең тартымды жер деп танымал. Volcano Discovery деректеріне қарағанда, 1979 жылғы жанартаудяң оянуынан үш адам қайтыс болып, 11 адам түрлі жарақаттар алған. Ал ең ірі апат 1980 жылы орын алған. Осы жылы жанартау құрбандары 70 адамға дейін жеткен.

3. Мерапи тауы, Индонезия



Бұл жанартау әлемдегі ең қауіпті табиғи объекті болып саналады. Аяқ астынан атылып, белсенді түрде лава шашатын ол баурайында тұратын халық арасындағы бірнеше адамдардың өліміне себепші. Мысалы аталған жанартау кесірінен 2006 жылы 5000 адам қаза тапса, 2000 аса жан үй-күйсіз қалды. Ал 2010 жылы жанартау қайта оянып, алайда жергілікті билік тұрғындардың көпшілігін қауіпсіз жерге көшіріп үлгергендігі себепті үлкен көлемдегі адам шығынына алып келген жоқ.

4. Везувий, Италия





Италия аумағында орналасқан Везувий тау елдегі жанартау оянған үш таудың бірін құрайды.  Ол — құрлықтық Еуропадағы әрекеттегі жалғыз жанартау: кратерінің шеңбері 1400 м және тереңдігі 216 м. Везувийдің неғұрлым әйгілі атқылауы (ол жөнінде алғашқы деректі Үлкен Плиний жазып қалдырған) 79 жылы болып, жанартаутекті жыныстардың сынықтары Помпей, Стабчя мен Геркуланум қалаларын тұтастай басып қалды.

5. Майон, Филиппин



Майон жанартауы ең көп  күл шығаратын қауіпті жанартаулар қатарына кіргізілген. Майон жанартауы атқылауы қаупіне байланысты оның маңындағы барлық елді-мекендер толық қауіпсіз жаққа көшірілген болатын.


Дереккөзі:  http://www.travel.ru/news/2016/04/09/253613.html

 
нравится:    1577
Теги: Фото саяхат,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии