Авто
13 ақпан 10:48
Жергілікті тұрғындар жолдағы шұңқырларды матраспен жамаған



Ресейдің Воронеж қаласында жергілікті тұрғындар жолдағы шұңқырларды матрастармен жамаған.

«Ерекше жол төсемесінің» фотосы әлеуметтік желілердің біріндегі «Нағыз Воронеж» тобында жарияланған.
Фотоға қалдырылған жазбада бұл қаланың орталық бөлігіндегі Застава ауданында оырн алғаны көрсетілген.

Пайдаланушылар фотоға қатысты түрлі пікірлер жазып қалдыруда. Олардың кейбірі қазынаға төленген салықтың қайда кетіп жатқаны белгісіз екендігі туралы мәселені көтеріп, «Мүмкін сол ақшаға ауладағы асфальтты өзіміз-ақ төсеп алармыз?» дейді.

Тағы біреулер мұны «жұмсақ» жолдардың теңдессіз технологиясына теңесе, енді бірі матрастарды автотұрақтағы өз орнын белгілеп қою үшін пайдаланған шығар деп топшылайды.


Дереккөзі: www.segodnya.ua

Комментарии




Яндекс.Метрика