|    |  
23 қыркүйек 2019
11:58
қаз
Жігіт аппаратпен тыныс алып жатқан сүйіктісіне үйленді
10 қыркүйек 2019, 15:44 71
Тайваньда ер адам «миы өлген» сүйіктісіне үйленді. 22 тамызда Ван есімді сүйіктісі жол апатына ұшыраған. Үш күннен кейін дәрігерлер оның «миы өлгенін» мәлімдеген. Содан кейін ол жасанды тыныстандыру аппаратына жалғанған.


 
Линь мен Ван 11 жыл бойы кездесіп жүрген. Бірақ олардың үйленуіне Ванның ата-анасы қарсы болған. Линь олардың разылығын апаттан аз уақыт бұрын ғана алған.

Той аурухана палатасында болған. Жігіт туған-туыстарының көзінше сүйіктісінің қолына сақина таққан. Содан кейін дәрігерлер қызды жасанды аппараттан ажыратқан.
 
Дереккөз: Lenta.ru


Жаңалықтар