|    |  
22 шілде 2019
00:00
қаз
Жігіті өртеп жіберген бойжеткен көз жұмды
11 шілде 2019, 12:05 222
Запорожьеде 22 жастағы Анастасия Ковалева көз жұмды. Оның денесінің 90% күйіп қалған.


 
Бойжеткенді 28 жастағы жігіті Виталий Чайковский үстіне жанармай құйып өртеп жіберген. Қзыға бұған дейін екі ота жасалған. Терісін ауыстыру бойынша жасалған екінші ота кезінде қыздың жүрегі тоқтап қалған болатын. Бірақ дәрігерлер оны өмірге қайта оралтқан еді.
 
9 маусымда жасалған бұл операция кезінде дәрігерлер оның терісін тазалап, уақытша доңыздың терісін салған. Кейін ол арнайы боксқа ауыстырылған. Дәрігерлер онда тіпті туысқандарын жібермеген.

Бойжеткен бірақ 10 шілде күні көз жұмды. Ауыр күйікпен күресуге ағзасының шамасы келмеген.

Дереккөз: Сегодня


Жаңалықтар