|    |  
23 тамыз 2019
05:23
қаз
Жігіттерді шошытатын 5 қасиет
18 қараша 2017, 11:08 31
Ерлер мен әйелдер, жігіттер мен қыздар арасындағы қарым-қатынас өте нәзік дүние. Сол себепті де қарым-қатынасқа сызат түсірмес үшін қыз-келіншектерге жаман әдеттерден арылу керек. Осы материалда ерлерді шошытатын 5 қасиетті айтпақпыз.




1. Ер адамға өміріңізге шағым айтып, мүсәпір кейіпке түспеңіз. Әсіресе бұл қарым-қатынастың алғашқы кезеңінде маңызды. Себебі ер адам сізге келгенде көңілін көтергісі келеді. Ал сіздің көңіл-күйіңіз болмаса оның да еңсесі түседі.

2. Оның сыйлаған сыйлықтарының бағасын бетіне баспаңыз. Ер адам өзінің мүмкіндігінше сыйлық жасайды. Сіздің материалдық сұранысыңыздың жоғары екенін көріп, ол ойланбастан бас тартуы мүмкін.

3 .Ер адамға бұйрық бермеңіз. Оның сізсіз де жұмыста бастығы бар. Ерлерге қыз-келіншектердің бастық болып, бұйрық беріп тұрғаны мүлдем ұнамайды.

4. Айналадағы барлық дүниеге, адамдарға негативпен қарамаңыз. Сіздің аузыңыздан тек жағымсыз сөздердің шығатынын көрген соң ер адамның сіз туралы ойы бұзылады. Ерлер мейірімді, ашық-жарқын қыздарды қалайды.

5. Ер адамды бірден бақылауға тырыспаңыз. Есеп сұрамаңыз, тексермеңіз. Оған еркіндік беріңіз. Себебі ерлер еркіндікті бәрінен жоғары бағалайды.


Дереккөз: www.wmj.ru


Жаңалықтар