|    |  
24 қыркүйек 2019
16:00
қаз
Жиі ажырасатын зодиак белгілері
27 тамыз 2019, 11:44 266

 
Тоқты
Тоқтылар нағыз доминанттар. Олар өз дегенімен жүріп үйренген. Егер екінші жартысы оның айтқанына көнбесе олар агрессияға бой алдырады. Ал мұндай агрессияның екінің бірі көтере бермейді. Сондықтан да олар жиі ажырасады.
 
Мерген
Олардың мінезі жеңіл болғанмен олармен бір шаңырақтың астында тұру оңай емес. Олар еркіндікті сүйеді. Сондықтан мергендер некені еркіндігін шектейтін фактор ретінде қарастырады. Егер екінші жартысы оның еркіндігін шектесе олар мұндай некене көп тұрмайды.
 
Торпақ
Сырттай сабырлы, тыныш көрінгенімен, отбасылық өмірде өте талапшыл. Ол екінші жартысының идеал болғанын қалайды. Сол себепті де олар үйде тиранға айналуы мүмкін.
 
Суқұйғыш
Суқұйғыштардың еркіндік сүйгіштігі мергендерден де асып түсуі мүмкін. Олар отбасылық өмірде көшбасшылық рөлге таласады. Сондай-ақ философияға бейіл. Сол себепті олар білімі аз адамдармен ұзақ уақыт бірге тұра алмайды.
 
Бикеш
Бикештер үшін отбасы бірінші орында. Олар өте қамқор. Бірақ олардың жарлары осы шектен тыс қамқорлықтан шаршауы мүмкін.
 
Тауешкі
Олар өте салқынқанды. Бастапқыда білінбейді. Бірақ отбасылық өмірде өзгереді. Өте талапшыл, әрі кірпияз. Өзгелердің өз дегенімен жүргенін қалайды.

Дереккөз: cluber.com.ua


Жаңалықтар