|    |  
25 маусым 2019
06:59
қаз
​Жоғары қан қысымын түсірудің тиімді тәсілдері
27 мамыр 2019, 16:54 148
Жоғары қан қысымы үнемі күйзелісте жүретін, жаман әдеттерге үйір, дұрыс тамақтанбайтын адамдарда жиі кездеседі. Бірақ соңғы уақыттарда жастар арасында жиі кездесетін болған.


 
«30 жастағы ер адамдарда әйелдерге қарағанда қан қысымының жоғарылығы жиі кездеседі. Олардың тамырлары әлсіз. Ал әйелдерге гормондары көмектеседі»-дейді кардиолог Игорь Костышин.
 
Сол жоғары қан қысымын түсіру үшін не істеу керек? Назарларыңызға тиімді тәсілдерін ұсынамыз:

Үйде қан қысымын түсіру үшін салқын су пайдалану қажет. Тазикке салқын су құйып, аяқты бір екі минут соған шаю керек. Қолды суық судың астында ұстап тұруға болады. Соңында бетке суық су шашуға немесе суық суға малынған орамал басуға болады.
 
Алма сіркесі де жақсы көмектеседі. Сіркеге салып, сығып алынған шүберектерді жалаң аяққа басып, 15 минутқа қалдыру керек.
 
Сондай-ақ жалбыз, бал мен лимон шырыны қосылған шай да қан қысымын түсіруге көмектеседі. Қан қысымы 20-30 минут ішінде түседі.

Қан қысымы қатты көтерілген кезде денені босатып, дұрыс тыныс алуға тырысу керек. Егер қан қысымы көтеріле берсе валерянка ішу керек.
 
Дереккөз: Сегодня
 


Жаңалықтар