|    |  
11 желтоқсан 2018
07:26
қаз
Жоғары қан қысымынан арылудың жолдары
06 желтоқсан, 10:01 87


Жоғары қан қысымын болдырмаудың жолдарын қарастырайық... 

Асқабақ және лимон. 
2 лимон, 1 кг асқабақ, 1 кг қант. Асқабақтың етін (мякоть) және лимонды қабығымен еттартқыштан өткізіп, қант қосып араластырамыз. Тамақтанудан алдын 1 ас қасық қабылдау қажет. Тоңазытқышта сақтаңыз. Қанттың орнына балды қолдансаңыз тіпті жақсы. 

Сарымсақ және алма сірке суы. 
1 түйір (зубчик) сарымсақ, 1 шай қасық алма сірке суы, 200 мл су. Әр күні таңертең майдаланған сарымсақты аш қарынға жеу қажет, артынша ауызды алма сірке суы қосылған сумен шаю керек. 

Қызылша – бал қоспасы 
200 г бал, 300 мл қызылша шырыны. Қызылша шырынын сұйық балға құйып, жақсылап араластырыңыз. Тамақтанардан алдын, күніне 3-4 рет, 1 ас қасықтан қабылдаңыз. 

Қызылшадан квас 
1 кг қызылша, 2-3 л су, 3 ас қасық алма сірке суы, дәміне қарай лимон немесе бал. Қызылшаны үккіштен өткізіп, 3 литрлік шыны банкге салып, үстіне қайнаған су құйып, алма сірке суын қосыңыз, бетін дәкемен жауып, 2-3 күн тұруы тиіс. Тамақтанардан алдын күніне 3 рет, 100 мл қабылдау қажет. Дәміне қарай 1 шай қасық лимон немесе бал қосыңыз. Емдеу курсы – 2 ай.

Дереккөзі: "Керек кеңес" 


Жаңалықтар