Авто
26 қазан 17:36
Жол ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұл мөлшері жеңілдетіледі



Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары пленарлы отырыста әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі Кодекске өзгеріс енгізу туралы жобаны мақұлдап, жол ережесін бұзғаны үшін жазаны екі есе жеңілдетуді ұсынды.

Қазақстанда мемлекеттік нөмірлерді қолдан жасағаны үшін 1000 АЕК көлемінде айппұл салынады. Өзгеріске сәйкес, бұл айыппұл құнын 400 АЕК-ке дейін төмендету ұсынылды.

Сонымен қатар жылдамдықты асыруға қатысты тағылатын айыппұлды азайтпақ. Қазіргі уақытта сағатына 10-нан 20 шақырымға дейін жылдамдықты арттырғаны үшін 10 АЕК айыппұл салынады. Бұл соманы 5 АЕК-ке дейін төмендету ұсынылды.

Сондай-ақ қиылыстағы жол ережесін бұзып, келесі бетке өткені үшін салынатын 10 АЕК айыппұлды 3 АЕК көлеміне дейін түсірмек.

Әкімшілік кодекстің 596 бабы бойынша, көліктің қарсы бетке өтуі, тиіс емес жерде өзге көлікті басып озу,  жаяу жүргіншілер жолағын кесіп өту секілді жол ережесін бұзғаны үшін салынатын 20 АЕК айыппұлды 15 АЕК-ке дейін түсіреді. Тиісті емес жерден айналып, қарсы бетке өтекені үшін жүргізуші куәлігінен 1 жылға айырылады. Бұл жазаны 6 айға қысқарту ұсынылды.

Көліктің дұрыс тоқтамауы және тұраққа дұрыс қоймағаны үшін салынатын 10 АЕК-ті екі есе жеңілдетпек.

Көлікті тротуарға, балалар алаңына, спорт алаңына қойғаны үшін 15 АЕК айыппұл салынады. Бұл жазаны 10 АЕК-не азайту қарастырылуда.

Аялдама немесе мүгедектердің көлігін қоюға аналған орындарға тұрғақтағына үшін салынатын 50 АЕК айыппұлын 10 АЕК көлеміне дейін азайту көзделді.

Бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп кету және тәртіпке сақшысының ескертуіне құлақ аспағаны үшін айыппұл салынады. Бұл ережені қайталап бұзса, 20 АЕК айыппұл салады. Бұл соманы 15 АЕК-ге ауыстырмақ.

Жаяу жүргіншіге жол бермеу секілді жол ережелерін екі бұзып, ол бір жыл ішінде қайталанғанда салынатын 20 АЕК айыппұлды  15 АЕК айыппұлға ауыстыру қолға алынды.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда 2017 жылғы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінің өсуіне байланысты (1 АЕК – 2 269 теңге) жол-көлік ережелерін бұзушыларға салынатын айыппұл көлемі төмендегідей:

– Жылдамдықты 20-40 шақырым сағатқа арттырғандар – 22 690 теңге, 20-40 шақырым сағатқа дейін жоғарылатқандар – 34 035 теңге, ал 40 шақырым сағаттан жоғары болса 68 070 теңге;

– Өткінші жолақ, бұрылыста, бағдаршамға бағынбай өтіп кеткен жағдайда 22 690 теңге;

– Өткінші жолақта жолаушыларға жол бермеген жүргізушілер – 22 690 теңге;

– Артқа жүру және кері бұрылуға тыйым салынған жерлерде тәртіп бұзған жүргізушілер – 15 883 теңге;

– Бұрылыс кезінде жарық белгісін қоспай бұрылғандар – 11 345 теңге;

– Тротуарда және жалғызаяқ жолдарға шығып кеткендер, сонда көлігін қаңтарып қойғандар – 35 035 теңге;

– Жол бойында апатты жағдай туғызған жүргізушілер – 22 690 теңге;

– Темір тұлпарын жүргізуші куәлігінсіз немесе уақытша куәліксіз басқарған жүргізушілер 11 345 теңге айыппұл төлейді.


 

Комментарии




Яндекс.Метрика