|    |  
21 қаңтар 2019
10:53
қаз
​Жолбарыс зообақ қызметкерін тістеп алды
27 мамыр 2015, 17:57 691
Бүгін, 27 мамыр күні Тбилисси зообағының қызметкері Гулико Читадзге жолбарыс шабуыл жасады. Соның салдарынан қызметкер қолынан айырылды  деп жазылды Facebook  әлеуметтік желісіндегі зообақтың ресми парақшасында.
 


Оқиға  жергілікті уақыт бойынша 17.00 шамасында орын аған. Қызметкер жолбарыс тұрған клеткаға жақын жерде жұмыс жасап отырған кезде, оған  қорғау торындағы жолбарыс шабуылдаған.  Зардап шегушіге медициналық көмек көрсетілді.
«Операция аяқталды. Өкінішке орай, дәрігерлер қызметкердің қолын сақтап қала алмады. Зардап шегуші аяғынан да қатты жарақат алған, егер инфекция тарамаса оның аяғын сақтап қалуға болады дейді дәрігерлер. Қазіргі уақытта  оның жағдайы тұрақты, бірақ ауыр,- деп жазады зообақ әкімшісі.
Зардап шеккен қызметкер  зообақта 25 жылдан бері қызмет етіп келеді екен.

Дереккөзі: newsgeorgia.ge


Жаңалықтар