Әлем жаңалықтары
8 ақпан 15:27
Жолбарыстың баласын пошта арқылы жөнелтпек болған


Мексикада кеден инспекторлары кезекті сәлемдеменің бірінен жолбарыстың баласын тауып алғана, таңданыстарын жасырмаған.

«Сюрприз сәлемдемені» қызметші ит тауып, қызметкерлерді сезікті контейнердің қасына алып келген. Жәшікті ашып қараған қызметкерлер онда тып-тыныш жатқан жолбарыстың баласын тауып алған. Шамасы, контейнерге орналастырмас бұрын оған тыныштандыратын дәрі егілген болуы мүмкін.

Дені сау жыртқыш қазір ол Жануарларды құтқару орталығына тапсырылды. Қазіргі таңда «тірі тауарды» жөнелтуші мен оны қабылдап алушы іздестірілуде.




Дереккөзі: http://120.su

Комментарии




Яндекс.Метрика