|    |  
27 наурыз 2019
01:15
қаз
Жүгері жеймін деп шашынан айырылды (видео)
11 мамыр 2016, 11:48 4


Желіде дрельмен жүгері жейтін интернет-челленджді сәтсіз орындаған қыздың видеосы жария болды, - деп хабарлайды Life.ru.
Естеріңізге сала кетейік, жүгеріні осылай жеу әдісін алғашқы болып видео-блогер Итен Янг көрсеткен болатын. Оның түсірген видеосын интернет желісін пайдаланушылар миллионнан аса көріп үлгерген. 
Алайда, бұл челленджді қайталағысы келген қыз сәтсіздікке ұшырады. Қыздың ұзын шашы айналып тұрған бұрғыға оратылып, соның салдарынан қыздың маңдай алдындағы бір уыс шашы жұлынып түскен. 



Осыдан кейін қыздың дәрігерге қаралып жатқаны жайлы видео да пайда болды. Дәрігерлердің айтуынша, қыздың шашы қайтадан өседі, бірақ оған ұзақ уақыт қажет екен.


 


Жаңалықтар