Әлем жаңалықтары
29 тамыз 09:31
​Жүк көліктерінен құралған кортеж

 
Атың шықпаса жер өрте деген. Қарағандыда шаңырақ көтерген жастар Ғизат пен Рауан Боранқұловтар елде жоқ той өткізіп есте қалды. Ерекшелігі сол, той алдындағы қыдыру рәсіміне жеңіл автокөліктерден тұратын кортеж емес, жүк көліктерінен тұратын кортеж шығарған.
Алты автокраннан тұратын той кортежына таңқалмаған ешкім болмады. Жүк көліктерінен құралған кортеж тарихта болмаған, қайтіп таңқалмасын?
 
Кортежға жеңіл автокөлік жалдамай,  жұмысындағы автокрандарды қосу күйеу жігіттің идеясы болыпты. Қалыңдығы мұндай тосын сыйды той қарсаңында ғана білсе керек. Күйеу жігіт өзінің ерекше тойының Гиннес рекордтар кітабына енгенін қалайды екен. Батыл шешіммен, осындай есте қаларлық қадам жасаған жастар бақытты болсын дейміз!

Комментарии




Яндекс.Метрика