Әлем жаңалықтары
27 маусым 17:02
Жүкті әйелімен сөйлескен даяшы аспазды пышақтап тастаған
Мәскеуде 28 жастағы даяшы 55 жастағы аспазды жұмыс кезінде пышақтап тастаған.


 
Украинадан келген жас жігіт мейрамханада бар жоғы екі күн сынақ мерзімінде істеген. Ол мейрамхана басшылығынан өзін жұмысқа алуды сұраған. Жүктіліктің бесінші айындағы әйелі бар екенін, ақша керек екенін айтқан.
 
Ал қайтыс болған аспаз шақырту бойынша  жұмыс істеген. Сол күні мейрамханада жұмыс көп болып, аспазды бір күнге жұмысқа шақырған. Ол таңғы сегізден кешкі сегізге дейін жұмыс істеуі керек болған.
 
Тергеу дерегі бойынша жас жігіт ауысым кезінде телефон арқылы әйелімен сөйлесіп, екі сағаттай жоқ болып кеткен. Ал осы уақытта оның жұмысын қоса істеуге мәжбүр болған аспаз оған келгенде ескерту жасаған. Осы себепті жанжал туындаған. Жарақат алған аспаз залға жүгіріп шығып, еденге құлап, қайтыс болып кеткен.

Дереккөз: Сегодня

Комментарии




Яндекс.Метрика