18 Декабрь
03:30
Астана: -18 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Кербез
28 шілде 09:33
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Жүктілік кезінде қандай сусын ішкен пайдалы?
Жүктілік кезінде қандай сусын ішкен пайдалы?


Әйел адам жүктілік кезінде белгілі бір диета ұстануы керек. Соның бірі – сусын түрлері. Дәрігерлер болашақ аналарға қандай шай түрлерін ішу пайдалы және зиян екенін анықтады.  

Кофе.
Ана мен бала үшін кофе зиянды болуы мүмкін. Сондықтан жүкті болсаңыз, одан бас тартуыңызға тура келеді. Кофеин жүйке жүйесінің мықты стимуляторы болғандықтан, ағзадағы кальций метаболизміне әсер етуі мүмкін. Ал, бұл өз алдына балаға әсерін тигізеді. Себебі кофеин қан тамырларын тарылтып, баланың тамақтануына бөгет болады. Кофеиннің тек кофе емес, газды сусын, шоколад, кейбір дәрі-дәрмектердің құрамында да бар екенін ұмытпаңыз. Сатып алатын тағам, дәрінің құрамын оқуға ерінбеңіз.

Көк шай.
Көк шай – денсаулығымызға пайдасы мол сусын. Оның құрамында антиоксиданттар мол болғандықтан, жасушалардың тозуына жол бермейді. Сонымен қатар ол магний, мырыш, кальций мен селенаға бай. Бұл сусын жүрек тамырлары қызметін жақсартып, иммунитетті нығайтып, тіс эмалін қатайтады. Жүктілік кезінде көк шай диабеттің алдын алып, ағзадағы қан деңгейі мен холестеринді қалып ұстауға көмектеседі. Сонда да болашақ анаға көк шайды көп ішуге болмайды. Себебі оның құрамында кофеин бар және ол өте баяу қорытылады. Көк шай ағзадағы фолий қышқылын азайтып, темірдің толықтай сіңуіне бөгет етеді.

Қара шай.
Қара шай теобромин, теофиллин, С, К, РР, В дәрумендері мен пантотен қышқылына бай. Сонымен қатар, оның құрамында фосфор, калий, кальций мен фтор бар. Қара шай жүйке жүйесі, жүрек пен тамыр жолдарының қызметін жақсартады. Сондай-ақ, ол бауыр мен ішек трактына пайдалы. Өкінішке қарай, қара шай құрамында кофеин тым көп. Оны жиі ішетін болсаңыз ағзаңызға темір мен магний жетіспеуі мүмкін. Егер қара шайдан бас тарта алмасаңыз, қайнаған бойда күніне 1-2 пиала ішіп тұруға болады.

Шөп шайлары.
Қара шай мен кофенің орнын шөп шайлары баса алады. Шөп шайының дәмі де тәтті, иісі де жағымды. Оның ағзаға, балаға еш зияны жоқ. Қандай шөпті шай ішуге болады, соған тоқталайық:

Түймедақ – ас қорытуға көмектеседі;
Бақбақ (одуванчик) – ісінуді басып, асқазан қызметі бұзылғанда көмектеседі;
Жанжабіл түбірі – жүрек айнуын басып, мұрын бітуін емдейді;
Қалақай жапырағы – темір, кальций мен түрлі дәрумен мен минералдарға бай;
Ащы жалбыз – іштің кебуін басып, қыжылды емдейді;
Таңқурай – жүрек айнуын басып, гормондарды қалыпқа келтіреді.

Алайда, кейбір шөптер жүктілік кезінде қауіпті келеді. Олардың біріне саз жалбызы (болотная), мыңжапырақ, жай жусан, майтамыр, арша, түймешетен жатады. Шөпті шай алудан бұрын өз дәрігеріңізбен кеңескеніңіз жөн. 

Дереккөзі:BAQ.kz 
нравится:    2100
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии