|    |  
21 қазан 2019
17:51
қаз
Жүктіліктің үшінші кезеңінде нені білген жөн?
01 наурыз 2019, 10:23 512
28 апта мерзімінен бастап босанғанға дейін алдағы босануға байланысты қорқыныш пайда болады. Онымен қалай күресуге болады және өзіңді жүктіліктің соңғы аптасына дейін ойдағыдай қалай жетуге болады? Кәне, осы сұраққа жауап іздеп көрейік. 



III- триместр проблемалары мынаған байланысты, негізінен жатырдың өсуінің жалғасуы мен ұлғаюында, сонымен қатар тым атрық салмақтың өсуінде. Мұнда жүкті әйелдің салмағы неліктен өсетінін белгілеу қажет. 30% дейін нәресте береді; қан және сұйықтық та 30% дейін береді; ұлғайған жатыр, емшек, жамбас және аяқтар -20% дейін және околоплодты суға және плацентаға да 10% кетеді. 

Жатырдың ұлғайған белгілері қайтадан лоқсу және жүрек қыжылы, қиын демалу және жүрек қағысының жиіленуі, шамалы жүктемелік салмақтың түсуі белді және омыртқаға салмақ түсіру болып табылады. 

Бұл мәселемен болашақ ананың өзі де күресе алады. Яғни күніне 2-3 рет арнаулы демалу жаттығуларын өзі жасай алады және қосымша арнайы буынға арналған созылу гимнастикасын жасайды, тамақ және дұрыс диета ұстануы қажет және таза ауада серуендеу нұсқалады. 

Декретке ДД (декреттік демалыс) 30 аптада шығару тегіннен емес, бұл мерзімде жүкті әйелдің ағзасына көп жұмыс істеуге болмайды. Егер сіздің жұмысыңыз отырып істеумен байланысты болса, онда сіз жұмыс орнында өзіңізге ыңғай тудырыңыз, яғни бірнеше минуттық гимнастикаға уақытыңызды бөліңіз. Бұл арқа үшін шалқайған күйде бірнеше минут отыру және аяқ астына қоятын тіреу қажет, ол тамырдағы қанды жылыстыру үшін қажет. 

Демек, үдемелі варикозы бар және алғаш рет жүктілік кезінде пайда болуы бұл жүкті әйелдер үшін бірқалыпты жағдай. Варикоз аурын болдырмау үшін барлық әйелдерге денесімен тығыз жабысқан киім киюге және тар аяқ киім киюге болмайды, отырумен байланысты жұмыс болса, аяқ астына тіреу қою, аяғыңды аяғыңның үстіне шығарып отырма, ұйықтап жатқанда аяғыңды кішкене көтеріңкі позада ұйықта, күніне 8-10 рет отырып, тұрып жаттығу істе, душтан кейін суық сумен аяғыңды шай және тұрған күйде аяқ жаттығуын жиі істе. 
Әйтседе, варикоз ауруының алғашқы белгілері пайда болған кезде: мәселен, аяқта тітіркенушілік және ауырлық сезім, кешке қарай аяқтың ісінуі пайда болса, онда өзіңіздің учаскелік акушер-гинекологқа немесе сосудистый хирургқа жүгінгеніңіз жөн. 

Тағы бір «соққы» жүкті әйелдің ішінің қатып қалуы, яғни үлкен дәреті. Олар жүктілік кезіндегі ішек перистальтикасы азаюына және гормональді өзгеріске байланысты ішек микрофлорасының бұзылысына байланысты. Сондықтан аз аздан, бірақ жиі-жиі тамақтану қажет, диетаны ұстану, жеміс-жидектерді көбірек жеу, сорпа ішу және қуырылғанды, ашы, тұзды және консервалық заттарды алып тастау. Іш қату кезінде «Форлакс» көмектеседі, оларды курстық мөлшерде-1-2 стақан бойынша таңғы ас немесе түскі тамақ кезінде10-14 күн бойы ішу қажет. Ішіңізге газ толған кезде «качалка» деген жаттығу көмектеседі, оны арқаға жатып екі қолыңмен екі тізеңді бүккен күйде жоғары және төмен шайқалу арқылы істеледі. 

Жүкті әйелдерге іші мен санына тартпа пайда болуы жиі қорқыныш тудырады. Ол үшін ішіңіздің терісін арнайы крем немесе оливковый маймен алдын ала сылуыңыз қажет, осы аудандарға жеңіл массаж жаса, ішіңді сағаттың тілімен жайлап шеңберді үлкеннен диаметрін кішірейтуге дейін кіндікке бағыттап, ал саныңызды төменнен жоғары қарай сипалауыңыз қажет. Ал егер тартпалар денеңізде пайда болса, онда бандаж кию нұсқалады. 

Жүрек қыжылының пайда болуын қақтан пісірілген сусын, аз лимон тамызылған су, 5-6 піспеген геркулес дәнін шайнау арқылы жеңілдетуге болады. Қыжыл кезінде аз порциямен тамақтану керек. 

III- триместрда ұйқысының бұзылуы ол қалыпты жағдай, одан шошудың қажеті жоқ. Егер сіз нашар ұйықтап жүрсеңіз, онда бір жағыңызбен жатыңыз және релаксация үшін жаттығулар жасаңыз, жатқанда бір аяғыңызды сәл бүгіп, аяқ астына жастық салыңыз. 

III-триместрде нәрестеге не болып жатыр? 

Біріншіден, 28 аптадан бастап ең маңыздысы, ми қабығы жұмыс істей бастайды, ол бала ағзасындағы бүкіл процесті реттейді, ақыл-ойы «қосылады», терморегуляцияға және басқасына да жауап береді. 36- аптада мидың қабығы толығымен қалыптасқан және енді бала анасынсыз өмір сүруге дайын. 

Екіншіден, III- триместрде, әсіресе 36 аптада өкпесіндегі сурфактант заты өзінің қалыптасуын тоқтатады, ол баланы сыртта жеңіл демалуын айқындайды. Нақ осы заттың арқасында өкпесіндегі ауа көбіршіктері туылған сәбидің бірінші рет демалуында төгіледі, осылайша өкпе ауруының дамуына кедергі жасайды. 

36 аптада нәрестенің аяқ-қолында нәзік тырнақтар өседі, ал ұл балада жұмыртқалары анық көрінеді, ал 39-40 аптада баланың ішегінде қара түсті субстанция — мекония, алғашқы нәжіс жиналады. 

Босануға 3-4 апта қалғанда жаршы белгісі, яғни толғақ пайда болады: басының жамбасқа төмен түсуі, оны іштің формасына қарап өзіңіз де байқайсыз, демалысыңыз жеңілдейді, зәр шығаруыңыз да жиі-жиі, бірақ аз мөлшерде болады, жаршы кезінде толғақ та жиілейді, ол тәлігіне 10-12 рет болады.Оның басты айырмасын оның жүйеллі еместігінен байқауға болады. Ал босануға жақындағанда сілемейлі пробкасы түседі- түссіз, созылмалы субстанция, ол қанның араласуымен қызғылт болуы мүмкін. 

Енді босануға тым жақын уақыт қалған соң максимальді дайындық қажет: перзентханаға барғанда сізге керек нәрселерді сөмкеге жинау, әрине психологиялық дайындық керек.Алдыңғы болатын босануға қорқынышыңыз аз болса, онда сіз де, сіздің балаңыз да аман-есен боласыз. 

Қорқыныштың жоқтығы көптеген факторлармен түсіндіріледі: 
• үш кезеңде де сізбен және сіздің балаңызбен не болатыны жайлы біліміңіздің болуы; 
• босануда дұрыс тынысты қолдана білу; 
• ағзаны босануға физикалық дайындау; 
• босану кезіндегі партнер анасы, жолдасы немесе құрбысының көмегі; 
• конкретті медперсоналға сенім дәрежесі, таңдалған перзентхананың сәйкестігі және дәрігерге талаптың сәйкестігі. 

Босану мен дәрігерді таңдауды алдын ала ойластырған жөн, отбасы кеңесінде өзіңе жақын адамдармен ақылдасу, қаланың барлық перзентханаларын аралап танысу. Қазір қаланың барлық перзентханаларында шаруашылық есептесу бөлімі бар, олар босануға келген партнерлермен бірге қарастырылады. Перзентханамен тікелей және түбегейлі келісім 36 аптада болады, ол кезде жүктілік дұрыс жетілген деп саналады. 

Қалған қорқыныш факторларына қатысты мәселелерді, сіз босануға даярлық курсында қарастыра аласыз.

Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар