|    |  
18 қараша 2018
17:14
қаз
Жүлдеге қызыққан қалыңдықтар дүкен әйнегінде 60 сағат тұрды
10 қыркүйек, 14:52 965

Британиялық қос қалыңдық үйлену той салоны ұйымдастырған сайысқа қатысты. Олар 5 мың фунт үшін 60 сағатқа жуық уақыт тұрып, «тірі манекен» болды. Бұл туралы The Huffington Post хабарлайды. Жалпы Британия жерінде үйлену тойын тойлауға 18 мың фунт шығындалады. Сол себепті аз да болса, тойда ақша үнемдемек болған қос қалыңдық барын салып бақты. Сөйтіп, 32 жастағы Тара Эттис пен 27 жастағы Кейт Холдер бақ таласып, тұрыстары 60 сағатқа жуықтаған кезде Эттис қарсыласынан жеңілгенін мойындады. Сайыстың шарты бойынша қатысушылар тек әрбір 4 сағат сайын ғана әжетханаға бара алды. Ал тамақты олар дүкен витринасында тұрып жеді. Жарыс өтіп жатқанына 2 тәулік болар кезде ереже қатайтылып, қалыңдықтар күні бойы тапжылмастан таңғы 07:00-ден 23:00-ге дейін тұрып, тек кешкі асқа ғана үзіліс жасады. Енді қомақты қаржыны ұтқан Холдер 5 мың фунтты келер қыста болатын үйлену тойына жұмсамақшы, деп жазады gazeta.ru.

Дереккөзі: 24.kz
Теги: Қоғам
Жаңалықтар