|    |  
24 ақпан 2020
02:07
қаз
Жұлдыз Әбдікәрімова: Ене институтын терлеп-тепшіп үздік бітірдім
03 қаңтар 2018, 11:05 78
Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің ене тәрбиесінен қалай өткенін айтты. Жұлдызды келін ене институтын үздік бітіріпті. Бұл туралы актриса желідегі парақшасында жазды.


 
«Менің енемнің, келін тәрбиелеуінде өзіндік стильі мен ұстанымы бар. Өзім ата-ене қолында 5-6 жыл тұрдым, пістім десем болады. Орамал тағып, сәлемімді салып, таңертең ерте тұрдым (есік алдын сыпырдым демеймін). Бірақ ыстық нанымды күнде таңда пісіретінмін. Ұрпақ әкеліп, ана атандым. Жалпы қандай жағдай болмасын ата-енемнің айтқанын жерге тастамауға тырсатынмын, одан жаман болған емеспін қайта қателіктерімді түзедім. Ұзын-сөздің қысқасы ене институтын терлеп-тепшіп, үздік бітірдім. Содан соң, бізді жеке отбасы болуымызға сенімді болғандықтан болар, ата- анамыз еншімізді бөліп берді. Оның өзі біз үшін үлкен жауапкершілікке айналды. Бірақ әлі күнге дейін, бір шаңырақтың астында тұратын сияқтымыз. Көбіне дастарxан басында бірігіп тұрамыз. Қазіргі таңда енем емес, анамдай болып кеткен. Мен өзіме енемнің ерекше қасиеттерін (болашақ енеге) түртіп алдым. Ең бастысы қатаңдықпен емес даналықпен тәрбиелеуі, Кінәлайтын емес үйретуі, өзгенің көзінше бағалау, ұлын емес келінін қорғаштау, басқаның келінімен салыстырып, кемістпеуі, үйдегі әңгімені сыртқа шығармауы, әлі де үйреніп, түйетінім көп... Ене мен келін татулығына- әулеттік эстафетаны бір- біріне дұрыс ұсынуы, отбасы құндылығын сақтап қалуға көп септігін тигізеді деген ойдамын. Негізінде, тариxқа жүгінсек, қазақтың дәстүрлі отбасында ене мен келін арасындағы қарым-қатынаста ешқандай қиындық болған емес деп ойлаймын. Себебі, екі арадағы келіспеушілктер жайлы шешендік сөз кездеспейді. Қазіргі қоғамда енені сыйламау, мысқылдау идеясы (анекдоттар) - орыстың салтынан, еуропаның стильінен еніп жатыр. Меніңше сол елдердердің - безбүйрек, ұятсыз, арсыз псиxологиясы. Бұл біздің менталитетке мүлдем келмейді және кіргізбеу керек! Себебі, парасатты, қаны қазақ ер азаматы анасына ең үлкен құрметтің көрсетілгенін қалайды.

Келіндердің енесіне жасаған әрбір әрекеті өзінің енелік өмірінің кірпіші. Егер де, жақсы келінге қол жеткізгісі келген әйел өз енесіне қолынан келген құрметті аямау керектігін түсіну қажет. Әр-бір келін енеге қарап ой түзеп, бойын түзейді»-дейді Жұлдыз.

 

Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар