|    |  
13 желтоқсан 2018
04:17
қаз
​Жұлдыз Әбдікәрімова жүргізушілігі жайлы айтты
13 қыркүйек, 11:15 92
Жақында «Шаңырақ» бағдарламасының тізгінін қолына алып, тележүргізушілікке бет бұрған Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа жұмысы жайлы айтты.


 
«Шүкір, алғашқы жұмысымның бүгін үшінші күні өтті... Рас, бүгінгі күнге дейін арнайы сурет салып, пост жазбадым. Шыны керек, парақшама салуға жүрексіндім, ұялдым десе де болады. Себебі тікелей эфирдің тізгінін ұстап, аяғына дейін алып шығу оңай болған жоқ, бастан аяқ қобалжу сезім үстінде болдым. Оның үстіне телевизия саласына алғаш қадам бастап, бірден 80 минуттық тікелей эфирдегі бағдарламаға кірісіп кету үлкен жауапкершілік. Орынды, орынсыз пікірлерді естіп те, оқып та жатырмын. Дегенмен, барлық айтылып жатқан ой-пікірлерді ескеріп, алдағы уақытта «Шаңырақтың» белсенді көрермендерінің үмітін ақтаймын деген сенімдемін. Ешкім тәжірибелі маман болып тумайды. Көш жүріп үйренеді емес пе? Және бұл бағдарламада, яғни, кадр сыртында профессионалды үлкен ұжым қызмет істеуде: продюсер, режиссер, сценарист, блогер, қонақ редакторлары, сюжет редакторлары, операторлар, дыбыс режиссері, инженерлер, администратор т.с.с. Мамандардың әрқайсы өз ісіне жауапты. Осы ретте ұлттық арнаның ұжымына оның ішінде @shanyraq_tv жобасындағы ұжымға рақмет айтамын. Маған сенген тілеулес ата-енеме алғысым шексіз! Қолдаған сүйіктіме рақмет! Және маған қолдау білдіріп, құттықтап, тілеулес болып жатқан барша жақындарыма, көрермендерге алғысымды білдіремін. Сіздердің жылы сөздеріңіз маған күш-қуат, қайрат, өзіме деген сенімділікті ұялатады. Сондықтан жылы сөздерді жиі-жиі жазып тұрыңыздаршы, "жақсы сөз- жарым ырыс" деген бар ғой. Және бағдарламаға келген әрбір қонағымызға алғыс айтамын!»-дейді актриса.
 
Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар