|    |  
12 желтоқсан 2018
23:52
қаз
Жұлдыз Өмірғали: Мен алғашқыда Айқынның әйелі бар екенін білген жоқпын
12 қараша, 18:05 398
Былтыр Айқын Төлепбергенге тұрмысқа шығып, ұлын дүниеге әкелген Жұлдыз Өмірғали елдің сынына қалған еді. Әнші шабуылдан шаршаса керек, «Қалаулым» бағдарламасына келіп, мән-жайды өз аузымен баяндаған.


 
«Ел бізді ұзатудың алдында ғана жүрген деп ойлады. Бірақ біздің жүргенімізге үш жылдан асты. Бастапқыда мен оның жұбайы бар екенін білген жоқпын. Жарты жыл өткеннен кейін Айқынның жұбайымен бірге түсірген бейнебаяны шықты. Соны білгеннен кейін біз бір ай сөйлеспей кеттік. Сол кезде Айқын келіп «Мен сені таңдаймын, мен сенімен бірге боламын» деп жылап тұрып айтты. Содан кейін топтан кеттім. Желідегі жұрттың сөзі жаныма батады. «Отбасын бұздың», «Көз жасына қалдың» деп қарғыс сөздер айтатындар көп. Барлығы Баян Мақсатқызын кінәлайды. «Ұстазы қандай болса, шәкірті сондай» деп айтып жатыр. Бірақ олай емес. Біздің жүріп жатқанымызға жарты жыл болғанда Баян Мақсатқызының басындағы жағдай орын алды. Біз жасырып жүрдік. Айқын маған «Ешкімге айтпай-ақ қойшы. Ешкім білмей-ақ қойсын. Кейін уақыты келгенде өзім айтамын» деді. Сол уақыттан бері мен Айқынның сөзін тыңдап, айтқанынан шыққан емеспін. Үндеме десе үндемеймін, сөйле десе сөйлеймін. Әлі күнге дейін солай. «Продюсеріңнің атына сөз келтірдің» деп айыптайды. Сондықтан мен өзімді Баян Мақсатқызының алдында кінәлі сезінемін. Баян Мақсатқызы бізге «біреудің күйеуін тартып алыңдар» деген жоқ. Ол кісі өте керемет, жүрегі кең адам. Мұңайған кезімде көбіне әкеммен сөйлесем. Әкем тоғыз жыл бұрын көз жұмған. Бәлкім тірі болғанда бәрі басқаша болар ма еді деймін»-деп ағынан жарылған әнші көз жасына ерік берді.

 

Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар