|    |  
23 мамыр 2019
16:10
қаз
ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ: 10 сәуір
10 сәуір 2019, 09:37 245


Балықтар
Бүгін ата-анаңыздың қасынан табылыңыз. Олардың көңілін аулап, сый-сияпат жасаңыз. Бүгін жол сапарына шығып қалуыңыз мүмкін. Сондықтан уақытыңызды үнемдеңіз. Əр уақытта үлкендердің ақылына мəн беріңіз.

Суқұйғыш
Бүгін қайырымдылық іс жасауға асығыңыз. Сізден қолдау күтіп отырған достарыңызды ұмытпай, жәрдем беріңіз. Бүгін қандайда болмасын қолға алған істеріңіз нәтижесіз қалмайды.

Тауешкі
Бүгін сізге өміріңізді ұлы өзгеріске алып келетін жағдайға ұсыныс түсуі мүмкін. Ол ұсыныс сіздің мақсатыңызға қайшы болмаса, қабылдаңыз. Себебі, сіздің бойыңызда көшбасшылық қасиет бар.  Өз өміріңізді ғана ойламай, сүйіктіңізге де бір назарыңызды салып қойыңыз.

Мерген
Бүгін сізді көптеген кездесулер күтіп тұр. Кешкісін орын алатын жаңа таныстық, сіздің өміріңізді бір жолата өзгертуі мүмкін. Сіз ол таныстықтан қашпаңыз.

Сарышаян
Бүгінгі күн сізге көп жаңалық алып келмек. Қолға алған жұмыстарыңызды кейінге шегермей, дер кезінде орындауға тырысыңыз. Әсіресе, жалқаулыққа жол бермеңіз. Себебі, оның жұмысыңызға кері әсері тиіп кетуі мүмкін.


Таразы
Бүгіннен бастап сүйіктіңіз сізден бұрынғыдан да екі есе көп көңіл бөлуді талап етеді. Ұсақ-түйек нәрселерге бола бас қатырмай, ең маңыздысымен айналысыңыз. Сізді сүйген адам, мінезіңізге көнген адам екенін ұмытпаңыз.

Бикеш
Қазіргі таңда сіздің дәрежеңіз бен күш-жігеріңіз жаңа қиындықтан тезірек жетіңкіремейді. Сондықтан сабыр сақтағаныңыз дұрыс. Әрбір басқан қадамыңызды ақылмен шешіңіз.

Арыстан
Бүгін арыстандар жақындарын түсінбей аздап қиналатын болады. Бірақ, кез-келген тығырықтан шыға білетін, олар бұл мәселені де шешеді. Кешке жанға жайлы кездесу күтіп тұр.

Шаян
Бүгін ерекше сабырлық танытыңыз. Өйткені үйдегі қарбаласпен түздегі тынымсыздық сіздің жүйкеңізді тоздыруы мүмкін. Сондықтан әрбір ісіңізге мұқият болыңыз. Асықпаңыз. Əр нəрсе өз уақытымен келеді.

Егіздер
Бір адамдардың шаруасын шешемін деп жүріп, жеке басыңызға уақыт бөле бермейсіз. Өзіңізге уақыт тауып, бір мезгіл сырт бейне- ңізге өзгеріс жасаңыз. Көп эмоцияға берілмей, жақындарыңызды ренжітіп алудан сақ болыңыз.

Торпақ
Қазіргі таңда қаржы тапшылығына тап болып жүрген торпақтардың бүгін ақша мәселесі шешілмек. Бүгін сенбі екеніне қарамастан жаңа жұмыстарды бастағаныңыз жөн. Өйткені, ол еңбек далаға кетпей, өз жемісін беретін болады.

Тоқты
Бүгін көпшілік ортада сіздің беделіңіз артып, қоршаған ортаңыздың ерекше назарында боласыз. Қарбаласпен жүріп денсаулығыңызға көңіл бөлуді ұмытпағаныңыз дұрыс. Бүгінгі кештің туыстарыңыз бен отбасыңызға арнаңыз.

Дереккөзі: "ЖЖ" топтамасынан 


Жаңалықтар