Әлем жаңалықтары
13 ақпан 11:00
Жұлдыз жорамал - 13 ақпан


Балықтар


Көлделең көк аттылардың көлделең тұзағынан сақтаныңыз. Ішкі түйсігіңізге құлақ асып, сырткөзге әлсіздігіңізді байқатпаңыз.Аса байсалдық таңытыңыз. Әр ісіңіз онынан туары анық.

Суқұйғыш

Күтпеген жағдайға дайын болыңыз. «Келісіп піскен тон келте болмас» дегендей өзіңіз сенім артқан адамдарыңыздың ақылына құлақ асыңыз. Жұмсақ мінезіңіздің арқасында еш қиындықсыз бар арманыңызды жүзеге асыра аласыз.


Тауешкі

Бұрын соңды жоғалтқан, мүлт жіберген байланыстарыңызды, қайта келтіретін нағыз бірден - бір күн. Ескі достарыңызды да көріп қалу ықтималдығы мол.Бүгін сізге өте тез және қиын шешімдер қабылдау керек. Қалай шешім қабылдағаныңызға орай жемісі де тәтті болады.

Мерген

Осы күн тың ойлар мен жақсы жоспарларға толы болмақ. Бастаған ісіңізге жақындарыңыз күмәнмен қарайды, бірақ аяғында демеу көрсетеді.Бұл күн өмірі әдеткі қалыптан өзгере қоймайды. Жанұяда жайлы бір жылылық пайда болады.Арман қиялға берілмеңіз! Жұмыс жағдайын оңға бұрыңыз!

Сарышаян

Тіршіліктің түйткілдері таусылар емес. Өзіңізге демалыс жариялаңыз, тынығуға тырысыңыз. Жақсы демалыс алдағы кезеңде жұмысыңыздың ілгерілеуіне септігін тигізеді.Өмірлік серігіңіздің көңіліне қарай біліңіз. Бүгінгі күні шағын отырысқа қатысуыңыз мүмкін. Айналадағы адамдармен түсінбестік туындатып алмауға тырысыңыз.

Таразы

Қаржылық істерді құрастыру тек қосымша қиындықтар әкеледі. Сондықтан азғантай ұсақ түйекпен және істердің жалпы күйін тексерумен айналысу керек.Бүгін бұл белгідегілер көп уақытын жұмысы мен материалдық проблемаларын шешуге арнайды. Сондықтан да, күн аяғында сіздің қатты шаршағаныңыз білінеді.

Бикеш

Бүгін күтпеген қонақ келуі мүмкін. Оған қоса маңызды мәселе шешімін таппақ, бұл кезде жақындарыңыздың кеңесін тыңдап, көмегіне жүгінсеңіз артық емес.Бүгінгі күніңізді өзіңіз үшін емес, сүйіктіңіз үшін арнаңыз.Жұлдыздар мұндай уақыт өткізулер өте пайдалы болады деп болжайды.

Арыстан

Сiзге кез-келген iстi атқаруға керемет мүмкiндiк туады. Әсiресе мұндай жағдайлар отбасын құрған арыстандар арасында кең етек алады.Жеке өміріңізде қуантарлық жағдайлар енді басталмақ. Сондықтан барынша көңілді күйде жүріңіз. 

Шаян

Қандай да бір жағдайда асығыстық танытпаңыз. Алайда тым жайбарақаттыққа салынып, жаныңыздағы адамды жабырқатып алмаңыз.Болашаққа сапар шегіңіз, алдағы жарқын күндеріңізді елестетіңіз. Өмі-ріңізге шырай береді-ау деген жақсылықтарды осы жылға жоспарлаңыз. Сізді дос-жаран, ағайын-туыс қос қолын көтере қолдайтынына сеніңіз.

Егіздер

Кәсіби шеберлігіңізбен ұйымдастырушылық қасиетіңіз жоғары бағаланатын болады. Әйтсе де, аузыңыздан шыққан сөзге абай болыңыз. Ата-анаңызға барынша қамқор болыңыз.Көңіл-күйіңіз ерекше болмақ. Тіпті өмірде мүмкін емес нәрселердің өзі мүмкін болатындай сезіледі. Кәдімгі балаң қиялға қанат қағып, таңғажайып сезімде боласыз.

Торпақ

Бұл күні сізде настольгия немесе өткен өміріңізде болған адам пайда болады. Осылардың бәрі сіздің қазіргіңізді және сіздің сүйікті адамыңызбен қатынасыңызды бұзуға мүмкіндік бермеңіз.Бұл қауіыпты жағдайда емес. жалпы күн сәтті деп есептеліп отыр.

Тоқты

Бүгінгі жоспарланған жұмыстарыңыз толығымен іске аспас, бұл сіздің кінәңіз емес. Сізге белгісіз жағдайларға байланысты сіз кездесулеріңізді кейінге қалдыруға мәжбүр боласыз.Жаңа жаңалықтар естейсіз. Қолыңызға қаржы түсіп жатса, керек әрі пайдалы затқа жұмсаңыз. Қызылға қызыға бермеңіз! 

Дереккөзі: Reactor

 

Комментарии




Яндекс.Метрика