|    |  
20 тамыз 2019
12:33
қаз
Жұлдыз жорамал: 2 тамыз
02 тамыз 2019, 09:34 291


Тоқты (21 наурыз – 20 сәуір)
Өз позицияңызды нығайтуға жақсы мүмкіндік туады. Шешімтал, табанды болыңыз. Көптен бері армандаған дүниеңізге қол жеткізе аласыз.
 
Торпақ (21 сәуір – 21 мамыр)
Жұмыс ауыстыруды жоспарламаған абзал. Егер шаршасаңыз демалыңыз.
 
Егіздер (22 мамыр – 21 маусым)
Бүгін айналаңыздағы адамдарға сабырлылық танытыңыз. Өзіңізді олардың орнына қойып көріңіз.
 
Шаян (22 маусым – 22 шілде)
Ұзақ уақыт ренжісіп жүрген адамыңызбен татуласуға мүмкіндік туады. Мұндай мүмкіндікті пайдалану қажет. Бірақ бірінші қадамды өзіңіз жасауыңыз керек.
 
Арыстан (23 шілде – 23 тамыз)
Күн соңында ерекше оқиға орын алуы мүмкін. Сондықтан асығып-аптықпаңыз.
 
Бикеш (24 тамыз – 22 қыркүйек)
Мансап жолында өсуді ойлайтын кезең. Табандылық танытсаңыз өз мақсатыңызға жете аласыз.

Таразы (23 қыркүйек – 22 қазан)
Қаржылық мәселелерді шешуге қолайлы күн. Қосымша табыс туралы ойланып көріңіз. Тиімді ұсыныс алуға мүмкіндік бар.
 
Сарышаян ( (23 қазан – 21 қараша)
Жұмыс орныңыз жайсыз болса жетістікке жетуіңіз екіталай. Жағдайды өз пайдаңызға шешіңіз.
 
Мерген (22 қараша – 21 желтоқсан)
Орын алып жатқан оқиғаларға жеңіл қараңыз. Түймедейді түйедей етпеңіз. Бәрі сіз ойлағандай жаман емес. Әр нәрседен позитив көруге тырысыңыз.
 
Тауешкі (22 желтоқсан – 20 қаңтар)
Ойланып барып әрекет жасаңыз. Барлық істі бірден шешуге тырыспаңыз. Асықпаған арбамен қоян алады.
 
Суқұйғыш (21 қаңтар – 19 ақпан)
Бүгін сіз елдің бәріне көмектесе аласыз. Бірақ шектен тыс қамқорлық танытамын деп, өзіңіз опық жеп қалмаңыз.
 
Балықтар (20 ақпан – 20 наурыз)
Еңбекке ерекше құлшынысыңыз артады. Мүмкіндікті барынша пайдаланыңыз.
 
Дереккөз: Сегодня


Жаңалықтар