|    |  
08 желтоқсан 2019
00:07
қаз
Жұлдыз жорамал: 27 наурыз
27 наурыз 2018, 08:24 77
Балықтар

Сіз үшін үлкен мүмкіндіктер есігі ашылатын болады. Асықпаңыз, саспаңыз, әр шешімді ойланып барып қабылдаңыз. Кім көрінгенге жеткен жетістігіңіз жайлы айта бермеңіз. Өкінішке орай сізде досыңыздан гөрі дұшпаныңыз көп. Осыны естен шығармаңыз.



Суқұйғыш

Суқұйғыштар үшін күн жаңалыққа толы болады. Өкінішке орай олардың барлығы пайдалы бола бермейді. Кей адамдар сіз ойлағандай əрекет жасамауы мүмкін. Оған бола көңіліңізді түсірмеңіз. Болашақта оның тиімді тұстарынан гөрі зияны көп болар еді.


Тауешкі

Бұл күн тауешкілер үшін өз-өзіне есеп беру күні болып табылады. Сондықтан да жаңа бастамалармен тоқтай тұру керек. Жанжалдардан бойыңызды алыс ұстаңыз, болмашы нәрселерге бола беделіңізге нұқсан келуі мүмкін. Əр қадамыңызды аңдып басыңыз.


Мерген

"Әлін білмеген әлек бопты" демекші қолыңыздан келмейтін іске бармаңыз. Әліптің артын бағыңыз. Жақындарыңызбен жақсы қарым-қатынаста болған жөн. Олардың берген ақыл кеңестеріне көңіл бөлсеңіз артық болмас. Кешкі отырыстан бас тартқаныңыз жөн


Сарышаян

Өзіңізден көп нәрсені талап етесіз. Бұл қаталдықтың соңы жақсылыққа апармайды. Сондықтан да өзіңізге кешіріммен қарап үйреніңіз. Сарышаяндар үшін күн жетістіктерге толы болмақ. Алайда шектен тыс қаталдығыңыз көңіл көтеруге мүмкіндік бермейді.


Таразы

Бұл күн таразылар үшін сәтті болмақ. Барлық жаңа бастамалары оң нəтиже береді. Тіпті отбасындағы түсініспеушілік өздігінен шешімін табады. Қуанып жүріп, бүгінге белгіленген кездесулерді ұмытып кетпеңіз.


Бикеш

Бикештер бұл күнді өздеріне арнаған жөн. Жұмыста/оқуда аса белсенді болудың да қажеті жоқ. Бүгін жеке жоспарыңыздан қалып қоюыңыз мүмкін. Оған бола көңіліңізді түсірмеңіз. Себебі кешкісін бұл оқылықтың орнын оп-оңай толтырып аласыз.


Арыстан

Алдын ала ойланған жоспарыңыздан ауытқымаған жөн. Бұл жеке өміріңізде беделіңіздің артуына септігін тигізеді. Кешіңіз әдеттен тыс ерекше болмақ. Тек орайлы сәтті жіберіп алмаңыз.


Шаян

Бүгін барынша сабырлық сақтап, кемеңгерлік қалпыңыздан таңбаңыз. Күннің қалай өтетіні өзіңізге тікелей байланысты болмақ. Амбицияңызға ерік бермеңіз. Отбасыңыздағы проблемаларды жинай бермей тезірек шешетін болыңыз. Қандайда бір шешім қабылдамас бұрын байыппен ойланып алыңыз.


Егіздер

Сіздің адалдығыңыз беделіңіздің артуына көмектеседі. Алайда тым көп мақтанып кетпеңіз. Атқарған ісіңіз жемісті болады.


Торпақ

Бүгінгі күнді отбасыңызға арнағаныңыз жөн. Тіпті, қажет болған жағдайда демалыс алуыңызға болады. Отбасылық құндылықтар қашанда қымбат. Көптен бері қордаланған мәселелер өздігінен шешілмейді. Сондықтанда екінші жартыңызбен немесе сырлас досыңызбен ашық әңгімелескеніңіз жөн.


Тоқты

Тоқтыларға бүгін аса белсенді болған жөн. Болмашы сәтсіздіктерге мойымаңыз. Керісінше алға қойған мақсатыңызға қарай ұмтылыңыз.


Дереккөзі: "ЖЖ" топтамасынан 


Жаңалықтар