|    |  
25 сәуір 2019
07:11
қаз
Жұлдыз жорамал: 27 желтоқсан
27 желтоқсан 2018, 09:04 6


Балықтар
Бүгінгі күн сізге романтикалық көңіл-күй алып келеді. Бірақ тым қатты армандап, қиялыңызды шындық деп қабылдауыңыз мүмкін. Аз еңбектенсеңіз, үлкен табысқа кенелесіз. Имиджіңізді өзгертіп, көпшіліктен мақтан сөз естуге дайын болыңыз.

Суқұйғыш
Бір нәрсені ойға алған болсаңыз, бір орында тұрып қалмай алға қарай жылжыңыз. Ал егер ойдағыдай жұмыс атқарған болсаңыз, аз аялдап, қалған уақытты өзіңізді ретке келтіруге арнаңыз. Бүгін кездесулерді жоспарламаңыз. Кешке жүзеге асатын жаңа оқиғалар сізді қуантады.

Тауешкі
Бүгін сізге ешкім көмектеспейтіндіктен, қиындықтарыңызды өзіңіз шешуіңізге тура келеді. Жаңа адамдармен қауышып, үлкен табысқа кенелесіз. Бүгін бастысы таңдауды дұрыс әрі жылдам жасап үлгеріңіз. 

Мерген
Бүгін жолыңыз болды. Бұған дейінгі барлық қиындықтарыңыз өз шешімін тауып, ренжісіп жүрген адамдарыңызбен татуласасыз. Уақытты ұтымды түрде пайдаланыңыз. Алға жоспарлаған жұмыстарыңыз сәтті өтеді.

Сарышаян
Олардың жұмысы көп болады. Мұнымен қатар жұлдыздар сарышаяндарға денсаулықтарын күтуге кеңес береді. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеңіз. Оларға армандауға мүмкіндігі туады. Армандап қана қоймай, ойлағандарын іске асырады.

Таразы
Олардың қызығушылығы өзгереді. Күнделікті тұрмыстағы әдетін қайталамауға тырысады. Біреу үшін бұл – шетелге саяхат, ал келесі бір адам үшін – философияға, дінге, мәдениетке деген қызығушылық болуы мүмкін. Мақсатқа жету үшін өзгелермен жанжалдасуына тура келеді. Өздерінің энергиясының арқасында көп мүмкіндіктерге ие болады.

Бикеш. 
Бүгін ерекше жұмысбасты болады, яғни қолдары бір сəтке босамайды. Жұлдыздар табиғат аясына барып демалуға кеңес береді. Кейбір бикештер өзгелердің құпиясын біліп қояды. Жақын адамынан хабар ала алмай қиналуыңыз мүмкін.

Арыстан
Олардың жұмысы, жоспары көп болатындығы соншалық, барлығына үлгеремін деп қатты шаршайды. Бір шетінен қызықты жұмысынан айырылғысы келмейді. Бүгін болашақтағы өмірді өзгертетін үлкен мүмкіндіктер туады. Кейбір арыстандарға қызықты идеялар ойластырады. Қалағанына қол жеткізу үшін бар күшін салып жұмыс істеуіне тура келеді.  

Шаян
Олар өзгелерді мінезінің жұмсақтығымен, сұлулығымен тамсандырады. Ал айналасындағылар қошемет сөз айтып, мақтайды. Қалағанына қол жеткізуге көмектеседі. Шаяндар эстетикалық талғамының арқасында сәнді киінеді. Бірақ көңіл-күйі жақсы болғанмен, демалуға мұршасы болмайды.

Егіздер. 
Бүгін жаңа адаммен жолығады, тың жаңалықтар естиді. Дәл қазір олардың алға қойған мақсатының жүзеге асуы қоршаған ортасымен тікелей байланысты. Табысқа жету үшін өзге біреулермен серіктес болу керектігін түсінеді. Кеш өте қуанышты жаңалық әкеледі.

Торпақ.
Олардың бар ынтасы жеке өмірлеріне бағытталады. Олар нар тәуекелге бел буып, үлкен жеңістікке жетеді. Күніңіз керемет жоспар құрып, оны іске асыруға өте қолайлы. Ал кей торпақтар ата-аналарымен ренжісіп қалуы мүмкін. 

Тоқты. 
Олар көп демалып, сүйіктілерімен жиі жолығып, кештерде көңіл көтереді. Олар барлық істе бір тылсым күштің көмектесіп жүргенін байқайды. Кешке жанына жайлылық сыйлайтын туысқандарымен жолығады. Олардың қолдауының арқасында аз уақыттың ішінде жетістікке жетеді.

Дереккөзі: "ЖЖ" топтамасы 


Жаңалықтар