Кербез
5 сәуір 09:19
Жұлдыз жорамал: 5 сәуір
Балықтар

Үлкен нәтижеге жету үшін көп күш жұмсау керектігі айдан анық. Сондықтан да қолға алған ісіңіздің барынша нәтижелі болуын қаласаңыз, аянып қалмаңыз. Алтын уақытты қадірлеп, әр сәтті тиімді жұмсай біліңіз.




Суқұйғыш

Адамның жаман қасиеттеріне назар аудармаған жөн. Қызметте бірқалыпты болғанымен, отбасыңызда түсініспеушілік орын алуы ықтимал. Жақындарыңыздың жаман жағын емес, жақсылығын көре білгеніңіз өзіңізге де жеңілдік алып келеді


Тауешкі

Жақындарыңыздан көңіліңіз қалатын сәттер болуы мүмкін. Мойымаңыз, бар кеткен қателіктеріңізді түсініп, дұрыс шешім қабылдай білген жөн. Қатты шаршап жүргендіктен, өмірге деген көзқарасыңыз өзгерген. Бойыңыздағы барлық күш қуатыңызды жинап, тек алға ұмтылыңыз. Талаптының өрге жүзетінін ойыңызда ұстаңыз.

Мерген

Бүгін жеке өміріңізге ерекше назар аудару қажет болады. Абайсыздан жақын адамыңыздың көңілін қалдырып қоюыңыз да ықтимал. Сондықтан ашуыңызды жүгендеуге тура келетін болады. Жалпы бұл күні өзіңіздің ішкі жан дүниеңіздегі өзгерістерге құлақ салатын уақыт. Жауапты істі бастамас бұрын, барлық жаман-жақсыны таразылап көрген жөн.


Сарышаян

Бұл күні құлағыңызды жағымды жаңалықтарға түре жүріңіз, өйткені олар көп болады. Ұзақ уақыт бойы мазалаған шаруаларыңыз оң шешіліп, жақсы көңіл-күй сыйлайтын болады. Бақытты кезеңдеріңізді отбасыңызбен немесе жақын адамдарыңызбен бөліскеніңіз дұрыс. Қызметте/оқуда жетістіктер күтіп тұр. Ең бастысы салмақтық пен сабырлық таныта біліңіз.


Таразы

Келер күнде өзіңізге көбірек көңіл бөліңіз. Қыруар шаруа жасаймын деп, сәтсіздікке ұшырап қалмаңыз. Бұл күн ішінде жұлдыздар сізге белсенді болмауды жорып отыр. Асықпай-аптықпай жасаған ісіңіздің жемісін жейтін боласыз. Іскерлік жағдайыңыз да біраз тыныштыққа кенелетін болады.


Бикеш

Қыдыруға дайындалып жатқан бикештердің жолы болмақ. Көңілді дос жарандардың ортасында көңілді кештерді өткізетін уақыт туды. Бірақ жаздай асыр салған шегіртке іспетті болып қалмаңыздар. Қажетті сәтте өз өзіңізді тоқтата білу қажет. Бұл қуаныштар да бикештердің қалтасын қағып қалуы әбден ықтимал.


Арыстан

Денсаулығыңызға назар аударыңыз. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде демекші күннің көзі салқындау күндері далаға шығудан бас тарта тұрған жөн болар. Арыстандардың денсаулығының сыр беретін мезгілі осы айдың аяғына дейін созылуы мүмкін, сондықтан бұл күн ішінде отбасыңызбен көбірек уақыт өткізіп, өзіңізге-өзіңіз берік болғаныңыз абзал.

Шаян

Жақсы мен жаманды ажырату адам баласына өте ауырға түсетін дүние. Бүгін жұлдыздар шаяндарға барлық жақсы-жаманды айырып, таразалай білу қажет дейді. Жақын достарыңыздың сатқындығын сезгендей болуыңыз да әбден мүмкін, дегенмен барлығына сабырлық танытыңыз. Өмір ақ, қара жолақтардан тұратынын ұмытпаңыз.


Егіздер

Достарыңызбен жүздесулеріңіз мүмкін. Сізден достарыңыз үлкен жауапкершілікті күтетін болады. Ең бастысы бұл күн сізге жағымды жаңалықтармен қатар жағымсызын да тарту етуі мүмкін. Қандай болған жағдайда да өз өзіңізге деген сеніміңізді жоғалтпаңыз.


Торпақ

Салғырттыққа бой алдырмаңыз. Сәл ғана демалысыңыздың өзі жеке өмір жағыңызда үлкен проблемалардың туындауына алып келеді. Сондықтан аса белсенді болып, кішкентай іске де баса назар аударғаныңыз жөн. Бұл күн сізге қиындау түскенімен, кейін жемісін де өзіңіз көретін боласыз. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» дегенді естен шығармаңыз.


Тоқты

Келер күннің ырысы жетіп артылады. Тек барлығына көңіл бөліп үлгерсеңіз болғаны. Бастаған барлық ісіңізде жетістікке жетесіз, ол қызметте болсын, жеке өміріңізде болсын. Шығармашылық жолда жүрген тоқтылардың өмірі жаңа шабытқа толы болады.

Дереккөзі: "ЖЖ" топтамасынан 

Комментарии




Яндекс.Метрика