|    |  
15 қараша 2018
09:10
қаз
Жұлдыз жорамал 8 қараша
08 қараша, 09:16 242


Тоқты

Бүгін армандарыңыз орындалады. Жұлдыздар сізден тек оптимизм мен табандылықты талап етеді. Майда-шүйде дүниелерге де назар аударыңыз. Өте сақ болыңыз. Ақшаңызға мұқият болыңыз. Жеке өміріңізде тосын сый күтіп тұр.

Торпақ

Бұл күн – нағыз романтикалық оқиғалар жүзеге асатын уақыт. Жұмыс пен оқуды шетке ысырып, бар уақытыңызды сүйіктіңізге арнайсыз. Алайда, сезімге қатты берілудің қажеті жоқ! Себебі жұмыста қиын кезеңді бастан өткересіз. Әбден шаршап, жұмыс істеу қабілетіңіз төмендейді. Мұның барлығы мансабыңызға кері әсерін тигізеді.

Егіздер

Бүгін жұлдыздар достарыңызбен кездесетініңізге уәде береді. Жұмыс/оқу екінші орынға ығысып, бар назарыңыз жеке өміріңізде болады. Алайда бұл жұмыс/оқу істеу қабілетіңізді төмендетеді. Сол себепті көп уақытыңызды жұмысқа /оқуға арнауға тырысыңыз.

Шаян

Бүгін көп нәрсеге қол жеткізеді. Іскерлік кездесулерге ойланбастан баруыңызға болады. Берген уәделеріңізді де толықтай орындайсыз. Жоспарыңыз жүзеге асады. Жақын күндердің бірінде достарыңыз көмек сұрауы мүмкін. Кешке болашағыңызға көп өзгеріс енгізетін қызықты адамдармен танысасыз

Арыстан

Болашағыңыз үшін маңызы зор шешім қабылдауыңызға тура келеді. Сізге жауапкершілікті талап ететін, жалақысы көп ұсыныс түседі. Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз! Сүйгеніңізден сыйлық аласыз.

Бикеш

Беделді адамдардың назарына ілігесіз. Айналаңыздағылардың көзайымына айналасыз. Мақсатыңызға жетуге достарыңыз көмектеседі. Сүйіктіңізбен романтикалық кеш өткізесіз.

Таразы

Сезімталдылығыңыз төмендейді. Достарыңызбен жанжалдасуыңыз да ғажап емес. Айналаңыздағылар тақырға отырғызып кетуі мүмкін болғандықтан ақша мәселесінде сақ болыңыз. Жақсы көретін жандарыңызбен еліміздің басқа қаласына немесе ауылға барып қайтыңыз.

Сарышаян

Қара жұмыс пен ой еңбегіне дайын болыңыз. Сіздің алдыңызда екі таңдау бар: уақыттың көп бөлігін отбасыңызға,сүйіктіңізге арнап, оларға көңіл бөлу немесе қосымша табыс көзін табу. Достарыңыздың арасында ақпараттың жетіспеуішілігіне байланысты қиындықтар туындауы мүмкін. Біліктілікті арттыратын курстарға қатысып, әріптестеріңізбен көбірек сырласыңыз.

Мерген

Аталған белгі иелерінің жолы болады. Үлкендердің берген тапсырмасын мінсіз орындап, достарыңызға көмектесесіз. Көптен бері ойға алғаныңызды жүзеге асырасыз. Эксперимент жасап, достарыңызға сенім артудан қорықпаңыз.

Тауешкі

Жұлдыздар күннің өте жақсы өтетіндігін айтады. Үй шаруасына көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Әйтпесе демалыс күндері жағдайыңыз қиындайды. Қаржы мәселесінде қиындықтар туындайтындықтан, көп ақша жұмсамауға тырысыңыз.

Суқұйғыш

Жеке өміріңізде тұрақтылық орнайды. Жаңа адаммен танысып, туысқандарыңызбен қарым-қатынасыңыз жақсарады. Кей достарыңызбен сөзіңіз жараспай, ренжісесіз.

Балықтар

Өмірде қиындық пен қуаныш алмасып келеді. Тек бақыттың құшағында жүру мүмкін емес. Алайда қиындықты күле отырып қабылдауға қауқарыңыз жетеді.




 
Жаңалықтар