16 Декабрь
13:01
Астана: -19 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Мәдениет
28 сәуір 11:32
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

«Жұлдыздар тоғысқанда» фильміне 1,2 млрд. теңге жұмсалды
28-04-16-snegin

Бүгін прокатқа шыққалы тұрған Нұрсұлтан Назарбаев туралы киноэпопеяның жалғасы – «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмін түсіруге мемлекет бюджетінен 1,2 млрд. теңге жаратылған. Бұл туралы «ҚазТАГ» агенттігінің ақпарына сүйенген ras.kz хабарлады.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы картинаны түсіру үшін бөлінген ақшаның көлемі осыншама екенін айтты.

«Құпия ештеңесі жоқ, министрлік өткен жылы фильмнің бюджетін 1 млн. 200 мың теңге көлемінде бекітіп берді. Бірақ бұл бюджет бір фильмге ғана қарастырылған. Ал Сергей Олегович (Снежкин – фильм режиссері) материалды түсіріп болғаннан кейін қалай қардыландырылатыны туралы мәселе туды. Біз бюджет ережесін бұза алмадық, сондықтан фильмге демеушілік көмек көрсетілді», – деді министр брифингте. Оның айтуынша, ақшаның көбі белгілі актерлерді шақыруға, декорациялар мен кәстөмдерге жаратылған.

Айта кетейік, фильм Қазақстан мен Ресейде төрт айда түсіріліп біткен. Онда басты рольдерді Берік Айтжанов (Нұрсұлтан Назарбаев), Хью Фрейзер (Джереми Вильсон), Алтынай Нөгербек (Сара Алпысқызы), Алдабек Шалбаев (Дінмұхаммед Қонаев), Игорь Угольников (Михаил Горбачев), Дарья Мороз (Раиса Горбачева), Алексей Гуськов (Борис Ельцин), Стивен Пейси (Джордж Буш) секілді артистер сомдаған.

 
нравится:    693
Теги: Кино және ТВ,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии