20 Ноябрь
09:53
Астана: -2 °C
Алматы: -9 °C
USD/KZT: 332.21
EUR/KZT: 391.74
RUB/KZT: 5.57
CNY/KZT: 50.08
Мәдениет
28 қазан 11:21
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Жұлдыздардың бір күнде туылуы кездейсоқтық па?
Бүгін жұлдыздар туған күн десек те болады. Олай дейтін себебіміз дәл бүгін қазақ эстрадасының жарқын жұлдыздары: ҚР халық әртісі Роза Рымбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаева және жас әнші Әлішер Кәримов дүние есігін ашқан күн. Жұлдыздардың бір күнде туылуы кездейсоқтық па?



Қазақ эстрадасында талмай еңбек етіп, өнер көрсетіп келе жатқан үш буынның бір күнде туылуы кездейсоқтық емес шығар. Өйткені үшеуі үш толқынның өкілі. Мәселен, Роза-аға буын, Алтынай-орта буын, Әлішер-кейінгі буын өкілдері. Үшеулерінің де тек өздеріне ғана тән стилі мен ән айту шеберлігі бар.  Бір-бірін қайталамайтын тұлғалар...





Үшеуі де қазақ ұлттық өнерін, мәдениетін жанындай сүйеді және сол жолда тартымды қызмет етіп жатыр. Үшеуінің де қазақ эстрадасындағы орны сүбелі.



Бірі қазақ тыңдармандарының жадысында Әлия батырдың есімін  әнімен жаңғыртса, екіншісі алғашқылардың бірі болып мұхиттың арғы жағыдағы АҚШ-қа барып қазақ өнерін паш етті, ал үшіншісі жас болса да  түрлі халықаралық байқауларда топ жарып үлгерді.

Дереккөзі: reactor.inform.kz
Авторы: Абай Айсара
нравится:    883
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии