Мәдениет
2 желтоқсан 12:45
Жұлдызды жұп Мирас пен Құралай сәбилі болды


Өнерде де, өмірде де бірге жүретін жарасымды жұп Мирас пен Құралай отбасында үлкен қуаныш. Олар төртінші рет ата-ана атанды. Бұл қуанышты жаңалықты Мирас өзінің жеке парақшасында жазды.
«Ассалааааааамағалейкум достар! Сүйiнші!!!Біздің үйде куаныш! Құралайым бүгін 4-шi сәбидi дүниеге алып келiп, 4 балалы ата-ана атанып жатырмыз.АЛЛАҒА ШҮКIР! Кура жарайсын!!!»деп жазады.



Еске салай кетейік, қазақ басылымдардың біріне берген сұхбатында Құралай: «Шаңырақ көтергелі бері ата-енемізбен бірге татту-тәтті өмір сүріп келеміз. Мұның өзі бүгінде өнер адамдарын айтпағанда, қарапайым отбасылардың өзінде сирек кездеседі. Сондай-ақ, Мирас екеуміз қазір үш перзенттің ата-анасы болсақ, болашақта көп балалы болсақ деген ойдамыз»,- деген болатын. Міне, бүгін жұлдызды жұп көп балалы отбасының қатарын толықтырды.

Әні мен назы жарасқан, ешкімді қайталамайтын ерекшелігі бар жұлдызды жұп отбасының қуанышысына біз де ортақтасамыз!!!

Авторы:  Абай Айсара
 

Комментарии




Яндекс.Метрика