|    |  
24 наурыз 2019
12:05
қаз
Жұлдызнама белгілері қалай қыстайды
22 қараша 2018, 10:44 3


Қыстың тоссыннан түсетіндігі белгілі. Мұндай жағдайда қайда қашу қажет? Мәселен, аю не болмаса кірпі сияқты қалың ұйқыға кету керек пе? Немесе бұл қыс келсе келе берсін, бір мәнісі болар дейміз бе? Жұлдызнаманың әрбір белгісінің жылдың осынау мезгіліне қатысты өз тәсілі бар.

Тоқты

Қыс үнсіз өтеді,  ыңырсымайды, шағымданбайды. Несіне де ыңырсынбақ? Оның мәні де жоқ. Жаңбыр немесе қар жауады, боран соғады, желтоқсан, қаңтар, ақпан одан кейін әйтеуір қыс бітеді. Ал әзірше барынша көңіл көтеруге тырысқан жөн. Гардеробты свитер, ішік, жылылығы бар шұлық, бас киім, тау шаңғысына арналған киіммен жаңартып, Кубадағы шаңғы турын алу керек. Қалайша, ол жақта қар жоқ қой? Қар жоқ, бірақ тур бар. Үнсіз шабаданды жинап, кету қажет.

Торпақ

Торпақ пайда болатын жерде бірнеше минуттан кейін пайда болатын әдемі қар бұрқасыны олардың қалай қыстайтындығын білдіреді. Сен көшеге тұмсығыңды көрсетсең болғаны (сыртқа шығу себебіңнің түк те қатысты жоқ, тіпті қоқыс төкпек болсаң да) Торпақтың ырық бермес энергиясының құшағына еніп, қармен ойнағың, шанамен, конькимен, қысқы көңіл көтеруге арналған өзге де дәстүрлі және қазіргі заманауи құралдармен срығанағың келіп кетеді. Сырғанақ тепкің келмей ме? Онда романтикалық серуен құрып, жапалақтап жауған қарға сүйсініңіз. Не?  Көшеде 20 градус аз ба? Онда не, үйде отырамыз ба?

Егіздер

Бұларға бәрі бір, терезенің сыртында не болып жатқаны: қыс па, жаз ба, бөгде ғаламшарлық шабуылдады ма? Ең бастысы қасында өсек-аяңын тыңдар құлақ болса болғаны. Бұл ретте егіздердің көңіл-күйіне де көп жайт байланысты, алуан түрлі болуы да ықтимал. Дегенмен оның ең негізгі екі нұсқасы бар: «сұмдық, қыс» және «керемет, қыс!» логика қайда? Кім он білсін. Және де ең алдымен егіздердің өздері де білмейді. Жалпы, сіз өзіңіздің логикаңызбен жан қалауы барынша нәзік адамдарда неңіз бар?!

Шаян

Бұларды нан беріп асырамай, інге кіргізсеңіз болғаны, сол іннен шықпай жата береді. Бұл адамға шынымен де қыс өте салқын тиері анық.

Арыстан

Арыстан жылы әрі құрғақ жерде қыстағанды ұнатады. Әйтпесе аязда біресе аяғы тоңады, біресе құйрығы дегендей. Егерде қандай бір себеппен далада қыстауға тура келсе, өзінің жағдайын жасап, орман мен жылы жерді елестетіп жататыны анық.

Бикеш

Қысқа дайындық күзден бастау алады: қант-тұзың, сіріңкеңе дейін артығымен  жинақталады. Осылай бәрін жинап, бикештер қысқа дайындалғанды ұнатады. Жаңа жыл мерекесіне бикештер 90 күн бұрын дайындалатыны да белгілі, ертеңгілік шараға қоянның киімін дайындау деген секілді...

Таразы

Қыс – Жаңа жыл, ал жаңа жыл  – қыс. Осы өзара байланыс таразылар үшін маңызды, басқалары бос сөз. Қыстың бірінші жартысы  дәл осы ерекше мерекеге дайындықпен өтетіні белгілі. Ал келесі жартысын көктемге неше күн қалғанын  санап, әлеуметтік желіде өткізетіндері және бар. Таразылардың көңілі жабырқау болғанға уақыт тапшы.  

Сарышаян

Қыс келсе басы айналып қалғандай, махаббатты бастан өткереді....Өйткені екеу болса, қыстау қиынға соқпасы белгілі. Бұған сарышаяндар сенімді...

Мерген

Қандай жаман жағдай болмасын, мерген үнемі «достарым барда ештеңеден қорықпаймын» деп әндетіп жүреді. Олай болса, қыстау үшін оның жанында достары болса жеткілікті. Ең бастысы шаңғы, шана, қар үстінде сырғанайтын құралдар болса болғаны!

Тауешкі

Қарды тұрып қарсы алатын дайындығы бар. Егер таң қылаң бергенде боранға да, желге де шыдас берген бір бейнені байқасаңыз, ол суқұйғыш дей беріңіз. Қысты қалай сүймесін, егер қыста жаңа жыл, небір мерекелер, туылған күн де болса. Әй, суқұйғышым-ай! Қар болсын, боран болсын, оған бәрібір, бастысы бұл боран да басылар, арты жаймашуақ көктем болар деген үмітпен қасқайып тұруға бар.

Суқұйғыш

Суқұйғыштар қыста айналысатын 1001 нәрсе тауып берсең де мән бермесі белгілі, олар үшін жылы жерде, жылы аяқ киім мен тоқылған киімді киіп, оранып жатқанға не жетсін. «Алдау-арбаумен оны орнынан тұрғызуға әрине болады, әйтпесе ол осылай қыс бойы жылы жерде, пештің түбінде жата беретіні анық. Үйге кіріп үлгерген суқұйғышты қыс кезінде жоғалтып аларыңыз анық.

Балықтар

Балық уайымсыз әрине, балық емес, қысқы кештерді терезенің алдында, уайым-сарсаңға салынып, ұйқысыз түндерін өткізуге құмар келеді. Басқа немен айналысуы мүмкін? «Мұны қалаймын ба? Қолымнан келе ме?» деген сауалдарды балықтарды көптеп мазалайтыны анық. Осы ойға шормылып, наурызға дейін, күн жылынғанша қалғитыны да белгілі.

Дереккөз: melochi-jizni.ru


Жаңалықтар