|    |  
18 желтоқсан 2018
18:09
қаз
Жұлдызнама белгілері: қараша айында не күтіп тұр?
12 қараша, 12:53 3129
Қараша өз қызметіне кірісіп те кетті. Жұлдызнама белгілеріне қараша айы не тарту етпек? Жалпылама  жұлдызнаманы сіздерге ұсынамыз.



Тоқты

Қараша айында сіз өзге адамның назарын аударып, көңілін тіктегенді қалайсыз. Бұл адам сіздің тұрақты әріптесіңіз немесе жұмыстасыңыз болуы әбден мүмкін. Ақылға қонымсыз әрекеттерден аулақ болыңыз. Қажетті адамды тығылып отырса да тауып алатыны белгілі.

Торпақ

Өз жақын туыстарыңызбен өзара байланысты сезіне аласыз, жаңа таныстар мен қарым-қатынастар күтіп тұр. Өз өміріңізде айтарлықтай орын алатын адамды да кездестіруіңіз ғажап емес. Тағдырдың ескертпелеріне мұқият болыңыз және оны оң қабылдаңыз. Сізден өзгеше болғаны үшін өзгелерді сөкпеңіз. Дәл сол адамдар сіз іздеген адам болып шығуы да мүмкін.

Егіздер

Соңғы кездері сіз жақсы хабар алудан қалдыңыз, тіпті «дұрыс бағытта келе жатырмын ба» деген ой сізді жиі мазалап кетті. Қараша айы сізге үміт сыйлайды. Аз әбіржіп, көбірек күлімдейтін боласыз, өмірдің айтарлықтай қараңғы әрі қиын еместігін сезінесіз.

Шаян

Бәлкім сіз жауапкершілікті өз мойныңызға алудың орнына айналаңыздағыларды кінәлап жатқан боларсыз. Өз тағдырыңызды өз қолыңызға алатын күн жетті. Өзіңізді кедей әрі бақытсыз санамаңыз, алға нық қадам басыңыз. Өз өміріңізді жақсы арнаға бұруға зор мүмкіндік туып тұр.

Арыстан

Сіз тыныштықты сезінсеңіз де, ортаның гүлі әрі топтың көшбасшысы болу қажеттілігін бұл айда сезіне қоймайсыз. Сыртқа қарай қадам жасап, сырттан бақылағанды дұрыс деп шешесіз. Қараша айы сіз үшін үнемі кейінге қалдырып келген (мәселен үйдегі күрделі жөндеу жұмыстары), үйдегі туындаған мәселелерді шешу айы.

Бикеш

Бұл айда ішіңіз пыспасы белгілі. Өз өміріңізге күрделі өзгерістерді енгізе алатын мықты адам болып көрінетініңіз де анық. Айналаңызға тәртіп орнатып, хаос тудыратын кез келген белгіден арылғанды қалайсыз. Өзіңізді сенімді сезіну мақсатында қолыңыздан келгеннің бәріне дайын боласыз.

Таразы

Қараша айында сізді жақсы көңіл-күй мен әлеуметтік орта, жаңа таныстар, жаңа қарым-қатынастар күтіп тұр. Сіздің жыныстық энергияңыз да өте жоғары деңгейде. Жаңа биіктерді бағындыруға дайынсыз. Бір жерге барып демалғыңыз да келеді. Бұған әрине, сіз лайықтысыз!

Сарышаян

Сіз кез келген қарым-қатынасыңыздан жақсы жаңалық күтіңіз. Бұрын жіберіп алған қандай да бір істегі олқылықтарды түзеуге мүмкіндік туады. Өз ішіңіздегі жаман ойлардан арылыңыз. Өткен іс - өтті.

Мерген

Қараша айында өз бағытыңыздың дұрыс әрі анық екендігіне көзіңіз жетеді. Үнемі ойланатын, жауабы жоқ сауалдарыңыздың жиналып қалғанын байқайсыз. Осы айды жағдайды реттеуге арнаңыз. Сауалға нақты жауап табуға тырысыңыз.

Тауешкі


Осы айда өз жолыңызды көру белгісіз әрі тұманды бола түседі. Тек жұмыспен ғана айналысумен қатар, үй шаруасына да көңіл бөлесіз. Жеке басыңыздың әрі іскерлік жұмысыңыздың сапасын анықтауға мүмкіндік туады. Жеке бас өміріңіз туралы мәселелерді қарастырудың жаңа мүмкіндігі туады. Өз ережеңізбен өмір сүріңіз. Кейін осыған риза болатыныңыз айқын.

Суқұйғыш

Сіздің талантыңыз бәрінің назарында. Сіздің барлық жұмысыңыз бағаланып, марапатталады. Құттықтауларға да, сыни көзқарастарға да дайын болыңыз. Өзгенің нашар пікірі сіздің талпынысыңыз бен ынтаңызға зиянын тигізбейтіндей болсын.

Балықтар

Бұл - өзіңізді тану әрі жағдайды түзеу айы. Сіз өміріңіздің жаңа кезеңін бастан кешіресіз және бәрі көз алдыңызда өзгереді. Алайда сіз қолыңыздан келмейтіндігін желеу етіп, өзгерістен қашуыңыз әбден мүмкін. Шешімді үлкен пайда әкеледі деп есептеп, тез арада қабылдаңыз. Ішкі жан дүниеңіздің теңгерімін қалыпты сақтау үшін йогамен немесе медитациямен айналысыңыз.

Дереккөз: ​Flytothesky.ru


Жаңалықтар