|    |  
18 қаңтар 2020
22:27
қаз
​Жұлдызнама белгілері: күз уақытында неден сабақ алуыңыз мүмкін
18 қыркүйек 2018, 16:16 57

Күз мезгілі сізге не әкеледі, бұл кезеңде сізді өмірлік қандай сынақтар күтіп тұр? Дүниенің еске түсіруіне құлағыңыз түрулі болсын және де әрдайым өз түйсігіңізге құлақ асыңыз.

Тоқты

Өмірдегі жақсы нәрсе уақытты қажет ететіндігін білетін боласыз, кейде ең әдемі дүниелер алдымыздан емес, күтпеген жерден көрініп, кезігіп жатады. Сіздің алар сабағыңыз шыдамды болып, өмірдің ұсақ қуаныштарын елеп-ескеру.

Торпақ

Сіз көп жағдайда дұрыс пікірде болмайсыз, мұны қабылдау керек. Бәлкім бір түрлі көрінер, алайда сіз көп жағдайда қателесуіңіз мүмкін, өйткені сізге әлі де көп нәрсені үйренген абзал.

Егіздер

Сіз қиындықтар әкелсе де өз түйсігіңізге сүйеніп, әрекет етесіз. Адамдар кейде сізді тиянақсыз деп жатады, олардыкі де дұрыс, алайда бұл кемшілігіңізді осы күзде дұрыстай аласыз.

Шаян

Сізге бірқатар адамдардың сіз секілді жақсы көрмейтіндігіне үйренуге тура келеді. Сіз өзгелерге қарағанда сезімталсыз, алайда мұны солай қабылдауыңыз керек. Бұл көктемде сіз бұл қасиеттің кемшілік емес, күш екенін ұғынатын боласыз.

Арыстан

Сізге басқа бір адамның маңызды адам етінде танылуын және сіздің орныңызды басуын қабылдағаныңыз дұрыс. Сіздің сыртқары қалуыңыз сізге жаңа ойлар мен идеялар әкеледі, сондықтан сіз оларға жаңа көзқараспен қарауыңыз мүмкін.

Бикеш

Өзіңізді қаралап, талапты күшейту түк те бермейтіндігін ескеріңіз. Бұл дұрыс емес әрі сізді ынталандырмайды. Сіз қателесе аласыз, бұл ретте өзін толықтай жолы болмайтын адам ретінде сезіну дұрыс емес.

Таразы

Сіз көңілі толмаушылықтың жағдайды реттемейтіндігін түсінесіз. Түсінбестік және пікірлердің келіспеуі сіздің қарым-қатынасыңызды тығырыққа тіреп, жағдайды күрделендіре түседі. Кешірімді болу сезіміне сүйеніңіз.

Сарышаян

Сізге сенім болмай махаббат жоқ екенін ұғынған дұрыс. Күз уақытында сіз тілдесудің алатын орны туралы бағамдай аласыз және өз кеңістігіңізге кейбір адамдарға енуге жол ашасыз. Ашық болу жақсы әрі мықты қарым-қатынасты түзудің бірден бір жолы екенін ұғынасыз.

Мерген

Сізге айнала қоршаған дүниенің бәріне жеңіл қарауға болмайды. Өзіңіз терең сезімдерді бастан кешіріп, жауапкершілікті ұғынғаныңыз дұрыс.

Тауешкі

Сіз еңбекқорлықтың мақсат тұтқан дүниеге қол жеткізетіндігін әрдайым білдіре бермейтіндігін түсінесіз. Өзіңізді адам ретінде сезіну үшін уақтын-уақтын демалып, ойға келмейтін іс-әрекеттер де жасап отырған дұрыс.

Суқұйғыш

Сізге сезу ғана жеткіліксіз, түсіне білу де қажет. Дағды ғана сіздің жүрегіңіз бен ақылыңызда не болып жатқанын көрсетеді. Айналадағы адамдарға өзіңіздің ішкі әлеміңізді аша түсіңіз.

Балықтар

Сіз проблемаға көз жұма қарау арқылы оны жоймай, тек қана күрделендіре түсетіндігіңізді түсінесіз. Сіздің алар сабағыңыз қиыншылықпен оның жойылып кетуін күтпей, күресе білу.

Дереккөз: Flytothesky.ru


Жаңалықтар