|    |  
12 желтоқсан 2018
10:14
қаз
​Жұлдызнама белгілері: сіздің мінезіңіздің қандай қасиеттері өзге адамдарға ұнайды?
13 қыркүйек, 11:16 1388

Сіздің жеке даралығыңыздың басты ерекшелігі неде және төңірегіңіздегілерге сіздің барлығынан бұрын неңіз ұнайды деп ойлайсыз? Астрологияға сәйкес сізді тартымды адам жасайтын қаншалықты жақсы қасиеттеріңіз бар екендігін тексеріп көрейік.

Тоқты
Энергетикалық және авантюралық рух. Сіз кез келген, тіпті шиеленіскен жағдайдың өзін қуаттандырып жібересіз және де бұл өте жақсы. Сіздің сенімділігіңіз – сізге адамдардың неліктен тартылатындығының себебі. Сіз  дәлелді әрі өмірге шаттанып қарайтын адамсыз. Барлық уақытта да жаңа шытырман оқиғаларға дайынсыз.

Торпақ
Сенімділік. Сіздің қатысуыңыз көптеген адамдарды тыныштандырады. Барлығы да сіздің қаншалықты адал бола алатыныңызды  біледі және қарым-қатынасқа келген кезде сіз әріптесіңіздің бақытты және қорғалған екеніне көз жеткізу үшін көп нәрсе жасауға дайынсыз.

Егіздер
Тосындық. Шынын айтсам, сіз бас қатырғышқа ұқсайсыз және сізге ол ұнайды. Сіз әрдайым жүрегіңіз пен ақыл-ойыңыздан шыққан нәрселермен күресесіз және сіз бұдан әрі не істемек екеніңізді ешқашан білмейсіз. Сіздің ешкім күтпеген қабілетіңіз  өзгелерге тартымды, ал серіктесіңіз сізбен қарым-қатынасы іш пыстырарлық болмайтынын біледі.

Шаян
Шектен тыс адалдық. Жүрегіңізді жаулаған адам, бастапқы сәттен-ақ сіз үшін өзінің біреу әрі жалғыз екендігін түсінеді. Сіз күмәнданатын орын қалдырмайсыз және бұл сізбен қарым-қатынаста болатындар үшін өте тартымды.

Арыстан 
Сенің жүрегің қайырымды. Сізге көпшіліктен ерекшеленген ұнайтындығын барлығы да біледі, бірақ бұл сіздің ең жақсы қасиетіңіз емес. Сіздегі ең жақсы нәрсе - бұл сіздің мейірімді үлкен жүрегіңіз. Сіз бір нәрседен өзіңіз үшін бас тартасыз, бірақ жақсы көретін  адамдарға көмектесесіз.

Бикеш
Сіздің жақсылыққа ұмтылысыңыз. Мүмкін, адамдар оны әрдайым мойындағысы келмейтінде шығар, бірақ біздің барлығымызға да  өзімізді өзіміз қалайтын нәрсеге ұмтылуға және өзімізді жақсы жағынан қалыптастыруға ұмтылуымыз қажет. Бикеш, сіз бәрі және барлық уақытта қазіргіден де жақсы болғанын қалайсыз, бұл сіздің қарым-қатынасыңызға да әсер етеді.

Таразы
Сіздің ішкі және сыртқы үйлесіміңіз. Сіз бәрін мүмкіндігінше тегіс болғанын қалайсыз. Қақтығыстар пайда болғаны сізге ұнамайды, ал егер бұл сізге байланысты болса, онда  сіз барлық күш-жігеріңізбен бейбітшілікті қолдауға тырысасыз.

Сарышаян
Сіздің табиғатыңыз тартымды. Сарышаянмен қарым-қатынастағы жалын сөніп қалуы мүмкін деп алаңдаудың жөні жоқ. Олар бүкіл әлемді отқа салатындай жалынды тұлға бола алады. Бұл үлкен құмарлықты қарым-қатынас басталған сәттен-ақ елемеу мүмкін емес.

Мерген
Сіздегі оптимизм мен қарапайымдылық. Көптеген адамдар қазіргі өмірдегі қиындықтарды тым әсірелейді. Сондықтан мұндай адамның жанында болсаңыз, сіз керемет жансыз. Сіз жаман нәрселерге назар аудармайсыз, тек жақсы нәрселерге ғана назар аударуға тырысыңыз. Сондықтан жаныңыздағы адам ешқандай шиеленісті сезмейді.

Тауешкі
Сіздің тұрақты және сенімді мінезіңіз. Біздің барлығымызға да  100% сенім артуға болатын адам қажет. Сен керемет күшті тұлғасыз және  егер де бұл өмірдегі кейбір нәрселер сенімсіз деп есептелсе де, ол сізбен байланысты емес - сізге әрқашан сенім артуға болады.

Суқұйғыш
Сіздің ерекше мінезіңіз. Суқұйғыштар барлығын да нұсқаулыққа сәйкес рін жасағанды жақсы көрмейді  және олар бұл әлемге мүлде басқаша қарайды. Олар керемет және эксцентриалды идеяларға толы және олармен қарым-қатынаста болған кез-келген адам өзінің таңғажайып көзқарасымен таң қалдырып, қызықтырады.

Балықтар
Өзіңіздің көңіл-күйіңізді жұмсартуға және өзіңізді жақсы сезінуге қабілеттілік. Балықтармен қарым-қатынаста болған кез келген адам өздерінің барлық құпияларын сенуге болатынын біледі. Өйткені, олар әрқашан түсінеді, тыңдайды және егер де ол туралы сұрамаса онда мазаны алатын сұрақтарымен араласпайды.

Дереккөз: Flytothesky.ru


Жаңалықтар