|    |  
19 ақпан 2019
11:53
қаз
​Жұлдызнама белгілері ұядан қалай ұшады
07 желтоқсан 2018, 11:08 12

Бала тәрбиелеу — игілікті іс. Балалар есейіп, ұядан қанат қағатын кездері де болады. Бұл әрекетті жұлдызнама белгілері қандай құлшыныспен істейді және кім ата ананың қамқорлығында қалады?

Тоқты

Олар өз ойын айтып, әрдайым еркін болуға үйреніп қалған, сондықтан да олар ең үшін ең бастысы алға жылжу. Бұл жұлдызнама белгілері ата аналарына толықтай сеніп, оларға өмір бойы қамқорлық таныта алады. Ал жеке дара өмір сүру сәті түсіп жатса, ол мүмкіндікті жіберіп алмайтыны анық.

Торпақ

Өз ата-аналарын ерекше құрметтейді, өзін де күтеді. Егер ата-аналарымен бірге тұрса, бұған да риза кейіп танытады. Ата-аналары да балаларымен жақсы өмір кеше алады, ешқандай күрделі мәселе туындамасы белгілі.

Егіздер

Бұл белгі кез келген жағдайға бейімделе алады, сондықтан да кіммен тұрып жатыр, қайда тұрып жатыр, ол маңызды емес. Жалдамалы үйге қарағанда, ата-ананың үйінде әлдеқайда жайлы болатыны анық. Егер туыстарының не таныстарының ішінде бірге тұруға ұсыныс білдіргендер болса, оларды да ренжітпесі белгілі.

Шаян

Олардың жуастығы тым қатты байқалып тұрады. Олар жалғыз тұр деп айтпайынша, ата-аналарымен бірге тұра береді. Жаңа орынға тез үйренісе алмайды, сол себепті үнемі ата-аналарына шағымдануға бейім келеді. Сосын олар шанды аяп, қайтадан өз үйіне көшуіне рұқсат береді.

Арыстан

Билік жүргізіп, күнделікті не істеу қажеттігін айтып отыратын адамдармен бір шаңырақ астында тұру олар  үшін әсте қиын. Бағынышты болу олардың қолынан келмейді. Қандай да бір баспанаға қолы жетсе, брден көшіп кетеді. Біреудің көмегін қабылдауға да көкірегі жібермейді. Ал әмірін айтып, бағындыру – міне, нағыз олардың қолынан келетін іс.

Бикеш

Олар отбасылық өмірдің барлық құпияларын біледі, ал ата-аналары оларды түсіне алмайды. Ата-аналарымен бірге тұрса да, өзіне қысымның түспегенін қалайды. Жағдай қиындап кетсе көшіп кетуге әзір жүреді. Қайда көшу, ол жағы маңызды емес, бар болғаны жаны тыныштықты қалайды.

Таразы

Олардың әрекеті елшіге саяды, сондықтан да үлкендермен жақсы тіл табыса алады. Егер отбасында қандай да бір тәртіп пен заң болса, олар ойланбастан бағынады. Бір үйден екінші үйге көшуге құмар, өйткені қаншалықты жақсы тұрмыс құратындығы  белгісіз. Ал жайлылық пен әдемілік олар үшін бөлінбейтін ұғымдар.

Сарышаян

Олар талаптарына сай келетін кез келген қоғамға бейімделе алады. Көбіне ата аналарымен ортақ тіл табу олар үшін қиын. Бұл ата аналарының бұл белгіні ақымақ әрі аңқау көретіндігімен тікелей байланысты, ал сарышаяндар болса мұнымен келіспейді. Ата-аналарынан неғұрлым жырақта жүрсе, соғұрлым жылы қарым-қатынастары сақталып қалатыны анық.

Мерген

Бұл белгілер кәмелет жасқа толысымен, өз үйінен қанат қағып, ұшып шығады. Олар еркін жүргенді, тиянақты болғанды ұнатады, сондықтан да бұл қасиеттерін жеке дара сынап көруге тырысады. Осылайша жаңа өмір бастайды.

Тауешкі

Ешкімге тәуелді емес өмірмен өмір сүргісі келеді. Бағыну керек болса, кішкентай кезде ғана. Туған-туыстарымен жақсы араласады, оларға еш салмақ салмайды. Егер жайлы болса, басқа жаққа кетіп әуреленбейді.

Суқұйғыш

Олар өзінің еркіндігіне сенгені соншалықты, ешкіммен бұл баспананы бөліскісі де келмейді. Өз туған ата-аналары болса да, өзінің қасында өзге жандардың болғанын қаламайды. Мүмкіндік туа салысымен олар үйінен жыраққа кетіп, өзіне ыңғайлы жерді тауып алады, өз заңымен өмір кешеді.

Балықтар

Бұл белгілердің асырайтын адамына үйреніп қалатыны соншалықты, еш жерге кетуге асықпайды. Және олардың ережелеріне бағынатына да белгілі. Кей кездері балықтардың түсініксіз, шытырман мінездері үй ішіндегілердің дегбірін қашырып, оны бөлек шығаруға құмартатыны құпия емес.

Дереккөз: Клубер


Жаңалықтар