|    |  
21 ақпан 2020
01:16
қаз
Жұлдызнама белгілерінен не күтуге болады? Дер кезінде берілген кеңестер
20 қыркүйек 2018, 11:25 70

Біздің әрқайсысымыз белгілі бір затқа түрліше қараймыз, кейбіріміз белгілі бір кезеңге дейін шыдап, артынша бәрін тастап кетіп қалуымыз мүмкін, ал кейбіреуіміз ұрыс-керіссіз бір күн де тұра алмауымыз ықтимал. Міне, сондықтан да кіммен қалай сөйлесу қажеттігін алдын ала білген де дұрыс. Мұндай қасиеттерді білген негізі оңайлық әкеледі.

От белгілері — тоқты, арыстан, мерген

Табиғат бұл жұлдызнама белгілеріне аса бір күшті темперамент дарытқан. Жай ғана байқаусызда жасалған бір көзқарасқа бола, олар тұтанған сіріңке құсап лапылдап жана кетеді, бірақ әрі кетсе жиырма минут. Ал бұл қадамды тағы қайталағыңыз келсе, торпақ, арыстан және мергенге тіптен жоламаңыз, қарсы жағыңыздан сізге ауыр бір нәрсе ұшып, жарақат алып қалуыңыз да ғажап емес. Ал қарым-қатынаста бұл жұлдызнама белгілері өзінікін істегенді қаласа, қателікке бой алдыра тұрып, «кешір» сөзін мүлде естімеуге дағдыланыңыз. Тоқтылар өз қарсыласының көшбасшылық қасиетіне ерекше ыждағатпен қарайды. Ал жағдай ушыққан кезде арыстанның көзіне көрінбеуге тырысыңыз, ол өзіне өзі келіп, суысын. Мергендер өтірікке араласудан қорқады, десек те жауапкершіліктен босап шыға келетіндер осы жұлдызнама белгісінен болатыны да белгілі. Сондықтан да мергеннің бір өтірігін ашсаңыз да, білмеген, көрмеген бола қалуға кеңес береміз.

Ауа белгілері — егіздер, суқұйғыш және таразы

Олар ренішті тез ұмытады, десек те бұл жұлдызнама белгілер тілінің өткірлігі соншалық, арқан жіп қалай шимайланып байланса да тіліп түсері айқын. Олар реніш пен кекті жүректе сақтамайды, алайда бұл әңгімені жаны сүймейтіндігін сізге білдіре алады. Суқұйғыштар қарсыласының қысым көрсеткеніне төзбейді, ал таразы ашық не ауыр әңгімеден кейін шектен шығып кетуі әбден мүмкін. Ал егіздер болса қарсыласына өзінің жүріс-тұрысы не тәртібі арқылы шекараның асқандығынан хабар беріп отырады.

Жер белгілері — торпақ, бикеш және тауешкі

Бұлар салмақты әрі тыныш жұлдызнама белгілері болып саналады, алайда қызыл орамалмен торпақтың алдына өзіңіз шықсаңыз, өкінесіз. Одан кейін торпақтың сеніміне кіру сізге қиынға түсері айқын. Қандай жағдай болмасын, торпаққа жөн-жосықсыз тиіспеңіз. Бикештер айналаның тәртіпсіздігіне және хаосқа тым шаршаңқы кейіп танытады. Ал тауешкіні қарым-қатынастағы жауапсыздық және салақтық ренжітеді.

Су белгілері — балықтар, сарышаян және шаян 

Міне, барлық реніштерін жіпке тізіп, өмірінің соңына дейін айтып жүретіндер кімдер екен! Сіз шаянды ренжітсеңіз, көшеде көрсе де көрмеген болатынын алдын ала біліңіз және де оның бірінші келіп, татуласуға ұсынысын айтып, бір шыны аяқ кофе ішуге шақырар ау деген ой жай сіздің арманыңыз екеніңізді ұққаныңыз абзал. Шаян өзін ренжіткен адам жалынып, жалбарынып кешірім сұраса деп қиялдай түседі. Сарышаянның құпияларын ашамын деп қамданбаңыз, мұндай кездері сізді алда салқын қанды соғыс күтіп тұр, десек те бұл жұлдызнама белгісінің құпиялары шаш етектен. Балықтар, жоқ, бұлар сіздің арманыңызды үнсіз жүзеге асыра салатын алтын балықтар емес. Олардың реніші бір құдайға аян. Балықтар ұзақ уақыт бойы үнсіздік жариялап, ренжуі мүмкін, алайда сәті түскенде сіздің ту сыртыңыздан пышақ ұруы не аяғыңыздан шалуы әбден мүмкін.

Дереккөз: Клубер


Жаңалықтар