|    |  
14 қараша 2018
13:50
қаз
Жұлдызнама белгісі бойынша сіздің құпия табынушыңыз
07 қараша, 15:00 1462


Тоқты (21 наурыз — 19 сәуір)

Тоқтыға салса, негізгі адам болғанды ұнатады. Ол үнемі жағдайды бақылап отырғысы келеді. Әмір етіп, өзгенің қолына билікті беріп қою әсте оған ұнамаса керек. Сондықтан да сіздің құпия табынушыңыз — табиғатынан сылбыр, көнбіс адамдар.

Торпақ (20 сәуір — 21 мамыр)

Тоқтылар секілді, сізге де жұмыстарыңызға күдікпен қараған әсте ұнамайды. Сіз барлық нәрсе өз ойыңызша болып, өз тарапыңыздан бақылаудың жоғалмағанын қалайсыз. Сол себепті де тоқтылар секілді сіздің де табынушыларыңыз айтқаныңызға көндігетін адамдар екені анық. Сіз әрдайым айтқаныңызға көнетін, айдауыңызға жүретін адаммен бір жүргенді ұнатасыз.

Егіздер (22 мамыр — 21 маусым)

Егіздер ретінде сіз жаны еркін адамсыз. Сіз өзіңізді шектегенді ұнатпайсыз әрі бір орында тапжылдырмай ұстаған адамға қатты ренжисіз. Сіз айналаңыздағы адамдардың сізді жеке тұлға ретінде қабылдап, еркіндік бергенін қалайсыз. Сіздің табынарыңыз өзімен-өзі болуға мүмкіндік бере алатын жаныңыздағы адамдар. Сізге қарым-қатынастан тыс жеке тұлғалығыңызды бағалайтын адам қажет.

Шаян (22 маусым — 22 шілде)

Сізге біреуге бір нәрсе берген ұнамайды. Тура шаян секілді мінез сізде де бар. Сіз өте жомартсыз, мұны барлығы біледі. Сіздің құпия табынушалырыңыз - сіздің көмегіңізге зәру жандар. Сізге бала секілді күтімді қажет ететін адамдар қажет.

Арыстан (23 шілде — 22 тамыз)

Сіздің табынушалырыңыз - еленбей жүруді ұнататын адамдар. Сіз әрдайым ортада, жарқырап жүргенді ұнатасыз, ал орныңызды ешкіммен де бөліскіңіз келмейтіні анық. Сол себепті де үнемі тасада қалатын адамдар сізді қызықтырады.

Бикеш (23 тамыз — 22 қыркүйек)

Бикеш ретінде сіз үнемі өз бағытыңыздан жаңылысып жүресіз. Өмірді өз қолыңызға алу үшін сізге уәжділік, сенімділік жетпей жатады. Сіздің құпия табынушыңыз - сіз бойұсынатын адамдар. Сізге үнемі бұйрық беріп отыратын адам қажет.

Таразы (23 қыркүйек — 22 қазан)

Сіз отырыстың ханшайымысыз. Сіз өте тіл табысқыш адамсыз және сізге өзіңізді қадірлейтін орта өте ыңғайлы. Сіздің табынушалырыңыз - өзіңізге ханшайым ретінде қарайтын адамдар. Сіз мұндай қарым-қатынасқа иемін деп өзіңізді есептейсіз.

Сарышаян (23 қазан — 22 қараша)

Сіз сарышаян ретінде табиғилықты құнды бағалайсыз. Қазіргі заманда көптеген адамдарға жасандылық тән. Сіз ондай жасандылыққа жоқсыз. Сізде өміріңізде бәрі табиғи болғаны ұнайды. Сондықтан да сіздің құпия табынушалырыңыз да өзіңіз секілді қарапайым адамдар.

Мерген (23 қараша — 21 желтоқсан)

Сізге өзіңізге сай адам табу өте қиын, өйткені сіздің табынушыңыз тіптен ерекше. Сізге бір адамға ұзақ уақыт бойы шыншыл болу ұнамайды. Сіздің құпия табынушалырыңыз өтірікке жақын әрі міндеттемелерсіз қарым-қатынасты қалайтын жандар.

Тауешкі (22 желтоқсан — 20 қаңтар)

Сіз барынша тұрақты емессіз. Тауешкі секілді өз өміріңіздегі құрылымды немесе жүйені сақтамайсыз. Қандай да бір жоспарлармен өзіңізді қинағанды да ұнатпайсыз. Сол себепті де сіздің табынушыңыз сізді үнемі қадағалап отыратын, дұрыс жолдан ауытқымауыңызды бақылайтын адам. Сізге өзіңізден өзіңізді құтқарып, аман алып шығатын адам қажет.

Суқұйғыш (21 қаңтар— 18 ақпан)

Сіз бір түрлі адамсыз, ол құпия емес. Суқұйғыш секілді сізге айналаңыздағы адамдарға ұнамайтын заттар ұнайды, бұл сізді ерекше етеді. Сіздің құпия табынушыларыңыз - тәртіпке бағынбайтын, дарақы адамдар. Сіз жатын бөлмедегі махаббат шытырмандары арқылы танымалсыз және осы махаббатты өзіңізбен бірге бөлісетін жанды іздеу үстіндесіз.

Балықтар (19 ақпан — 20 наурыз)

Сіздің құпия табынушыңыз  — доминанттар. Сізді танымал адамдарға үнемі тартады, өйткені сіз іштей бүлікшісіз.  Сіздің ойыңызша өмірде танымал адамдарсыз адамның өз ойыын іске асыруы мүмкін емес. Сізге талап қоя білетін әрі билік жүргізе алатын адам қажет.

Дереккөз: Клубер
Жаңалықтар