|    |  
13 желтоқсан 2018
22:47
қаз
Жұлдызнама бикеші: олар қандай ханзаданы іздейді?
19 қараша, 15:51 1024
Жұлдыз жорамалы ерекшеліктерінің бірі олар махаббатпен және жеке өмірмен байланысты ақпараттарды ұсынуы саналады. Еркектер мінсіз жар тапқылары келсе, ал әйелдер өз армандарындағы ер-азаматты іздеп, ханзадасын тапқысы келетіндігі де  сөзсіз. Жұлдызнама бикеші, сіз шешім қабылдау үшін өзіңіздің қандай ханзадаға жолығуыңыз керектігін білгіңіз келе ме? Сіз өз жарыңыздың қандай болғанын қалайсыз?



Тоқты-әйелдерді мықты әрі мақсатқа ұмытылғыш адамдар өзіне тартады. Олар өздерін алдауға жол беріп қоюы неғайбыл және өте мығым қарым-қатынас орната алады. Кез келген тоқты барынша шыдамсыз. Сондықтан олар өздері қалаған жандар үшін барынша күш салып күрескенімен, мұндай жағдайдың тым ұзаққа созылатындығын білдіре алмайды. Бұған қоса, тоқты-әйелдер  барынша тұтас тұлға болып келеді және олар  алдайтын не болмаса құрметтемейтін кез келген масылдан тез арада арыла алады.

Торпақ-қыздың жүрегін жаулап алғысы келген еркектердің барынша нақты өмірлік мақсаты болуы тиіс. Себебі торпақ мүмкіндігінше өзіне одақтас іздейді. Иә, торпақ-бикеш бірбеткей, алайда, олар нені қалайтындығын жасқы біледі әрі еш уақытта да өз мүддесін назардан тыс қалдырмайды. Олар барынша қиялға берілгіз. Дегенмен,  оңтайлы шешім қабылдай  алады, ақылды және көңіл-күйдің өзгеруінен зардап шекпейді.

Егіздер-бикеші өмірді, жаңа мүмкіншіліктерді, тосын оқиғалар мен қозғалысты жақсы көреді. Олар кейде табансыз да болып келеді. Сондықтан оған қарым-қатынасты ұстану үшін ынталандыра алатын серік қажет. Егіздер-бикеші барынша түрлі жағдайларға жеңіл бейімделе алады. Олар болжап болмайтын әрі әңгімешіл, адреналин сезімін беретін еркектерді іздейді.

Шаян-бикеш өте қиялшыл және дәл осы себепке байланысты олар өздеріне тұрақтылықты қамтамасыз ете алатын нағыз жігітті іздейді. Шаяндар үшін қарым-қатынас әдетте ұзақ марафон сияқты. Өйткені олар барынша сенімді әрі көңіл-күйге де ерік бере алады. Дегенмен, көңіл-күйлерінің жиі ауысып тұруына байланысты оларға қиын сәтте қолдау білдіре алатын, үнемі тірек болатын адам қажет.

Арыстан-бикеш өте күшті болғаннан кейін өзі таңдаған жұбының да дәл сондай күшті болғанын қалайды. Олар өздерінің басымдыққа ие болатындығын біле отырып, асқан әрекеттерге бара алады. Демек, олардың еркектері арыстан-бикештің құндылықтары мен мәнін мүлтіксіз мойындауы тиіс. Еркектер арыстан-бикештерге барынша адал әрі оны қолына көтеріп жүруі қажет.

Бикеш-әйелдерге кез келген жауды жеңіп, кез келген күрделі проблеманы шеше алатын нағыз батыр еркек қажет.  Ол оларға тұрақтылық пен қорғанысқа кепіл беруі қажет. Дегенмен, бикештер өздерін-өздері де қорғауға қабілетті: өйткені, олар ителлекті жоғары сарапшы-бикештер және өздерінің мүмкіншіліктерін мүлтіксіз біледі. Бикештер өздерін бағалап, құрмет тұтатындығын білген кезде олар қарым-қатынастарын нағыз жұмаққа айналдырады.

Бұл белгі бикештерін өздеріне дұрыс шешім қабылдауға көмек бере алатын ер мінезді әрі тартымды еркектер назар аудартады. Дегенмен, оларға диктатор болатын емес, қайта ақылды кеңесші, барлық күдігін сейілте алатын еркектер керек. Таразы-бикештер қажетсіз проблемаларды туындатпауға қабілетті. Өйткені, олар туа біткен дипломаттар. Бұған қоса, оларды сүйіктілері физикалық тұрғыда тартымды болумен қатар, зиялы да болуы тиіс. Міне, олар дәл осындай азаматты іздейді.

Сарышаян-бикеш еркектер өздерін естерінен шығармауы үшін қалай жақсы көру керектігін біледі. Дегенмен, олар әдетте өздерінен әлсіздердің ырқына көне бермейді және бірден жалтара бастайды. Сарышаян-бикештер өте күрделі әрі қарама-қайшылыққа толы тұлға. Олардың еркектері сарышаяндардың мінезін байыппен қабылдауы және бұл бикештердің жанқиярлықпен өздерін қорғай алатындықтарын білуі тиіс.

Мерген-бикештер өздері сияқты еркін адамдарға ғашық болады. Бірақ оларға барлық уақытта да өзінің ниеттері мен әрекеттерінің арасында теңгерім таба алады. Себебі олар жауапкершілік пен міндеттемені айтарлықтай жақсы көре бермейді. Дегенмен, егер олар жүрегі кең және барынша шыдамды еркекті табатын болса, онда олар соңында бақытты жұп бола алады.

Тауешкі-бикештерге тұрақты, табысты және қаржылық проблемасы жоқ еркектер тамаша серік бола алады. Бұл бикештер өзін өзі бақылаудың және тиімді басқарудың жарқын үлгісі бола алады. Олар өздерінің маңайында ұстамдылық, сабырлылық пен тәртіп орнағанын қалайды. Олардың таңдауы түскен азаматтан да осындай талап етіледі және дәл осындай жағдай орын алған кезде ғана олар отбасын құруға ұмтылады.

Суқұйғыш-бикештер – бұлар кей кезде өте тұйық әрі шыдамсыз болатын бірегей әрі тәуелсіз адамдар. Міне, сондықтан да олардың жүрегін жаулау үшін оларға назарын өзіне аудара алатын, оғаш және стандарттан тыс серік қажет. Бұған қоса, олардың серіктері барлық уақытта сөздеріне ұстамды және сенімді, түсінігі бар болуы қажет.

Балық-бикеш үшін идеалды еркек – барлық жағынан да алып қарағанда нағыз джентльмен болуы тиіс. Балықтар өте осал, өзінің ішкі әлеміне қашып, соған тығылуға бейім. Оларға өздерін түсінетін, құрметтейтін және қасиеттеріне таң қалатын адам ғана қажет. Бұл белгінің әйелдері өздері таңдаған еркекке барынша талапшыл. Өйткені олар құрбанның және азап шегушінің рөлін ойнағанды жақсы көреді.

Дереккөз: flytothesky.ru


Жаңалықтар