|    |  
15 қыркүйек 2019
12:44
қаз
Жұлдызнама: Сіз қандай әйел және қандай анасыз?
20 тамыз 2019, 18:07 286
 

Тоқты
 
Тоқты келіншектің рухы мықты. Ол теңдікті ұнатады. Ол отбасы мүшелерінің дұрыс тамақтануын үнемі қадағалап отырады. Саяхат, мерекелер ұйымдастырғанды жақсы көреді. Осылайша олар балаларын қиындыққа мойымай, үнемі алға жүруге үйретеді.

Торпақ

Торпақ келіншектер пысық әйелдер. Олар ерінің туыстарымен жақсы араласады, тамақты жақсы әзірлейді. Тұрақтылық пен тыныштықты жақсы көреді. Оның үйі әрдайым таза тұрады.
 
Егіздер

Бұл әйелдер бос уақытын үйде өткізгенді ұнатпайды. Ашық-жарқын келеді. Қырыққа қарай супер келіншекке айналады. Ал баласы дүниеге келгеннен кейін бар өмірін балаларына арнайды.

Шаян

Олар үшін отбасы ең маңызды. Жоқ жерде жанжал шығарғанды ұнатпайды. Баласы туғаннан кейін бар назарын балаға бұрады. Мансабын да отбасы үшін құрбан етеді.
 
Арыстан

Олардың амбициясы зор. Бірақ үйдің күйбең тірлігін ұнатпайды. Ол өзінің балалары үшін жақсы дос болады.

Бикеш

Бикештер өте керемет келіншектер. Ұқыпты, тиянақты, жинақы. Бірақ олар үшін ер адамның өзінің талаптарына сай болуы маңызды.
 
Таразы

Таразылар өте ашық. Ерін бақытты ете алады. Олар кино мен театр сияқты қоғамдық орындарға барғанды ұнатады. Балаларын өте жақсы тәрбиелейді.
 
Сарышаяндар

Олар ерімен бірге отқа да, суға да түседі. Олар өте жауапты. Көп жұмыс істейді. Тамақты дәмді әзірлейді. Олар үшін баласының денсаулығы мен қауіпсіздігі аса маңызды.

Мергендер

Олар ерін қанша күтуге де әзір. Олар үй шаруасына ширақ. Ерін үнемі қолдайды. Балаларына еркіндік береді.
 
Тауешкі

Тұрақты келіншектер. Олардың жанында ерлері өздерін сенімді сезінеді. Олар үй шаруашылығын жақсы көреді. Теңдікті ұнатады. Олар өздерін ұмытып, бар күшін отбасына жұмсауға әзір.

Суқұйғыш

Құпия әрі тартымды келіншектер. Іш пыстырмайды. Үйде тәртіпті жақсы көреді. Балалармен тең қарым-қатынас орнатады.
 
Балықтар

Романтиктер. Көңіл көтергенді, отырыстарды ұнатпайды, Тыныштықты сүйеді. Тамақты жақсы әзірлейді.
 
Дереккөз: Gurni


Жаңалықтар