|    |  
15 желтоқсан 2018
18:48
қаз
Жұлдызнаманың бауырмал, оптимист әрі ашық 5 белгісі
05 қазан, 11:05 668


Жұлдызнаманың осынау белгілерінің аясында дүниеге келген адамдар өмірге позитивті көзқараспен қарап, тілдесу үшін ашық болғанды жөн санайды. Олардың басым бөлігі экстраверт болып келеді. Яғни, олар өзге адамдармен байланысқа түсуден қуаныш пен пайда таба алады. Олар жабырқауға немесе жапа шегуге дағдыланбаған. Жұлдызнаманың бұл белгілері барлық уақытта қуану үшін мүмкіншілік табады.

Олар көңілді және қайырымды, өздеріне сенімді және барынша оптимистік көңіл-күйде болады. Жұлдызнаманың бұл белгісі өкілдерінің назарына сыртқы әлемге бағытталған және бұл оларға жаңа мүмкіншіліктер тауып, достар жинауға мүмкіндік береді.

Таразы
Таразылар өте жеңіл, жағымды әрі жайдары адамдар болып келеді. Олар барлық уақытта тілдесу үшін ашық және жақсы әзіл-қалжыңға бейім. Таразылар туа біткен оптимисттер, өмірдің барлық салаларында үйлесімділік пен тыныштықты сақтауға тырысады. Жұлдызнаманың бұл белгісі кез келген әңгімеге қолдау көрсете алады және өзінің жан рахаты үшін зияткерлік дауларға да қуана қатысады. Таразылар өмірге позитивті көзқараспен қарайды және өз өмірлерін тілдесусіз елестете де алмайды.

Мерген
Мергендер үлкен энергетикаға, құмарлық пен харизмаға ие және бұл оларды оптимист болумен қатар философ болуларына да мүмкіндік береді. Жұлдызнаманың бұл белгісі де тілдесуге және жаңа мүмкіншіліктерге барлық уақытта ашық. Олар үйде отыруға немесе бас қатырар іспен айналысуға дағдыланған. Мергендерді тұйық және байсалды деп елестету мүмкін емес. Жұлдызнаманың бұл белгісінің өкілдері өздеріне сенімді, ашық, көңілді және қайырымды. Олармен еш уақытта да көңілсіз болмақ емес.

Суқұйғыш
Суқұйғыштар өмірге барынша оптимистік көзқараспен қарайды, төңірегіндегі адамдармен тез ортақ тіл табысады және өз өмірлерін көптеген көңіл көтерерлік әуесқойлықсыз елестете де алмайды. Жұлдызнаманың осы белгісінің өкілдері өте ашық және қайырымды, олар көптеген достық байланыстарын орнатып, пікірлестер табады, көптеген адамдармен тілдеседі. Суқұйғыштар енжарлық пен пессимистікті ұнатпайды және көңіл-күйлерін түсіруге тырысатындардан аулақ жүргенді жөн көреді. Жұлдызнаманың бұл белгісі барлығынан да оң дүниелерді көреді және барлық адамдарға бақыт тілейді.

Егіздер
Егіздер Жұлдызнама белгілерінің ішіндегі тез тіл табысатындардың бірі саналады. Олар оптимисттер, уайымшылдарды және өзге адамдардың тарапынан орын алатын сұрқайылықты жек көреді. Егіздер сәтсіздіктерді тез естен шығарып, алға, жаңа әсерлерге қарай жеңіл қадам басады. Жұлдызнаманың бұл белгісінің өмірдің қызықты сәттері мен тілдесуге әуестенгендігі соншалық, тіпті қайғырып та үлгермейді. Егіздер – белсенді және толыққанды өмірде өмір сүретін туа біткен оптимисттер.

Арыстан
Арыстан – бұл бағыт нұрын шашатын және осы сезіммен өзгелерді де шабыттандыратын жұлдызнама белгісі. Арыстан барлық уақытта да әлем үшін ашық және өзін барлық қырынан көрсетуге дайын. Жұлдызнаманың бұл белгісі өте үлкен сүйкімділік пен харизмаға ие. Арыстандар басты назарда болу, өзгелерді идеяларымен шабыттандыру және өтіп бара жатқандардың таңданыспен қараған көзқарастарына шомылып, жарқырау үшін дүниеге келген. Жұлдызнаманың бұл белгісі кей уақытта өзімен-өзі оңаша болғанды қалауы мүмкін. Бірақ ол демалып, күш жинау үшін ғана қажет болады. Арыстандар зардап шегіп, ұнжырғасы түскенге дағдыланбаған.

Дереккөз: moimozg.ru


Жаңалықтар