|    |  
14 желтоқсан 2018
12:37
қаз
​Жұлдызнаманың ең әділ 4 белгісі: олар барлық уақытта әділдікті жақтайды
09 қазан, 15:35 1401

Олар біреулердің дау-дамайын тез арада шеше алады және барлық уақытта да әділдікті жақтайды. Жұлдызнаманың бұл белгілері ең тәртіпті әрі адал жандар. Олар өзге адамдардың өзін қорғауына көмектесіп, өздерінікінің дұрыс екенін делелдей алады. Бұл адамдар қызыл кеңірдекке салып, өздерінің пікірлерін қалай болғанда дәлелдеуге де тырыспайды. Олар егер өздерінікі дұрыс еместігін түсінсе, онда бірден әділдік салтанат құруы үшін, онымен келісе салады.

Тауешкі
Басқарушы ғаламшар Сатурн тауешкілерге әділдік пен парыздың үлкен сезімін сыйға тартқан. Бұл адамдар барлық уақытта да әділ болуға әрі аж-ожданын сақтауға тырсады. Олар өмірден жеңіл жол іздеуге дағдыланбаған және үнемі әділ марапат үшін еңбектенуге дайын. Тауешкі өмірге және өзге адамдарға барынша байыппен және әділдікпен қарайды және өзгелерден де соны күтеді.

Таразы
Таразы – бұл үнемі әділдікті іздейді және  әділдік салтанат құрмайынша, тыным таппайды. Жұлдызнаманың бұл белгілі әділдік салтанат құруы және шындықты дәлелдеуі үшін зияткерлік пікірталасты тәуліктеп өткізуге бар. Мұндай сәттерде ол батыл әрі эмоцияға бейтарап қарайды. Бұл адамдарға әлемдегі үйлесімділік маңызды, ал ол әділдік орнамай мүмкін емес. Сондықтан да Таразылар барлық уақытта бар бәрінің мән-жайын ашуға тырысады.

Суқұйғыш
Суқұйғыш – бұл адамдар барлық уақытта да шектеулерден азат болуға ұмтылады, бұған қоса, өзге адамдардың пікіріне, бостандығына, шындығына құрметпен қарайды. Өзінің ептілігіне,  тиімді ойлап, эмоциясыз тілдесе алу қасиетінің арқасында бұл адамдар барлық уақытта әділдік пен шындықты іздейді. Олар барынша ізгі жандар және басым бөлігі толерантты. Сондықтан бұл Жұлдызнама белгісінің өкілдері барлық уақытта әділдік пен шындықты жақтайды.

Мерген
Мерген – бұл өзінің әділдігі мен шынайылығының  арқасында әділдік үшін барын салып күреседі және алдағанды тез арада біле алады. Жұлдызнаманың бұл белгісі өзгелердің арқасында пайда көруге ұмтылатын адамдарды жек көреді және әділетсіздік пен алаяқтық туралы сөз болғанда қатал әрі ымырасыз жанға айналып шыға келеді. Мергендер жалғыз өз жүріп қаскүнемдермен күресуге дағдыланған және ол барлық уақытта барлығын да бетке әділ айтады және шындық үшін соңына дейін күреседі.   

Дереккөз: moimozg.ru


Жаңалықтар