21 Июнь
04:26
Астана: 13 °C
Алматы: 17 °C
USD/KZT: 341.08
EUR/KZT: 394.46
RUB/KZT: 5.37
CNY/KZT: 52.71
Туризм
12 сәуір 12:39
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Жұмақтағыдай демалғысы келген қарағандылықтар қаржысынан айырылып қалды
Қарағандыда Қарқаралыдағы белгілі демалыс аймағына қатысты дау туды, деп хабарлайды КТК.


 
Кәсіпкер Талғат Ақуов тұтқындалар алдында пансионатқа жолдамалар сатып үлгерген. Бірақ бұл уақытта пансионат оның иелігінде болмаған. Алданып қалғандар саны 150 отбасынан асады. Енді олар өз ақшаларын қайтарып алу үшін құқық қорғау органдарына арыз жазған. 
 
Талғат Ақуов:
- Егер жер бетінде жұмақ болса онда осы жерлер. Ең әдемі, ерекше.
 
Бұл жұмаққа қарағандылықтар енді түсе алмайды. Жақында оларға қыста алған жолдамаларының жарамсыз екені туралы хабарлама келген. 
 
Любовь Пушкарская:
- Бір қыз телефоннан 100% төлем жасау керектігін, сонда жеңілдік болатынын айтты. Желтоқсанда бізде мұндай ақша болған жоқ. Сондықтан 250 мың қарыз алып, алдымен 189 мың теңге бердік, кейін 30 мың теңге бердік. 3 ай бойы сол қарызды қайтардық.
 
«Тас бұлақ» курорттық аймағын жаңа қожайыны жазда, жанжал кезінде сатып алған. «Жұмақ жасадым» деген бұрынғы қожайын Талғат Ақуов сот арқылы бірнеше рет бизнесін қайтарып алмақ болған. Сот талқылауы жүріп, сот шешімі әлі күшіне енбеген кезде 17 миллион теңгеге 157 жолдама сатып үлгерген. Ол жолдамалардың көпшілігін «жұмақты көргісі келген» зейнеткерлер сатып алған.
 
Алаяқтығы үшін Талғат Ақуов 12 жылға абақтыға қамалуы мүмкін. Ал жарамсыз жолдамаларға қатысты тергеу енді басталған. Құқық қорғау органдары ресми жауапты кейін бермек. Ал жаңа қожайыны пікір білдіруден тіпті де бас тартқан.

нравится:    98
Теги: Туризм жаңалықтары, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:

Комментарии