17 Декабрь
08:29
Астана: -23 °C
Алматы: -9 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Кербез
12 қазан 17:00
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Жұмыртқа маскасы – ең пайдалы масканың бірі

Жастық пен тері саулығын әрдайым бақылауда ұстау үшін түрлі маскалар жасап тұрудың маңызы мол. Ал жұмыртқадан жасалатын бұл маска бет терісін тазалайды, жұмсартады, нәрлендіреді және тартып тұрады. Сонымен қатар ең арзан, қолжетімді маска болып есептеледі. Өйткені сізге керегі тек жұмыртқа ғана.

Жұмыртқаның ағы теріні тазалап, тартып тұратын болса, сарысында терінің сыртқы қабатын тереңнен тазалап, жұмсартып тұратын лецитин көп мөлшерде кездеседі. Сондай-ақ жұмыртқаның құрамындағы А, Д, В дәрумендері терінің жас қалпын сақтауға септігін тигізеді. Сондықтан да жұмыртқа маскасын кез келген жастағы қыз-келіншектердің жасауына болады.

Сізге керегі:

1 жұмыртқа
қағаз майлық (салфетка)
шанышқы
2 ыдыс

Жасалуы:

 Жұмыртқаның ағы мен сарысын бөліп алыңыз. Ағын аздап араластырып, бетіңізге жағып, оның сыртынан қағаз майлықты қажет мөлшерде кесіп, жабыстырыңыз. Одан кейін бетіңізге жабысып тұрған қағаздардың сыртынан тағы бір рет жұмыртқаның ағын жағу керек. Бірақ тым көп жағудың қажеті жоқ.

 Жұмыртқа жақсылап кепкен соң, яғни 20-30 минуттан кейін масканы төмен, яғни иек жағыңыздан бастап, жоғары, маңдайға қарай еппен тарта отырып, алып тастаңыз. Масканы алып жатқанда аздап ауыру сезімі болуы мүмкін. Дегенмен, жұмыртқа маскасының нәтижесін көргенде-ақ ол туралы ұмытып та кетесіз!

 Масканы алғаннан кейін бағана бөліп қойған жұмыртқаның сарысын араластырып, бетіңізге жағыңыз. Ал оның күші әлдеқайда арттыру үшін оған бірнеше тамшы зәйтүн немесе кокос майын қосуға болады.

 10 минуттан кейін бетіңіздегі жұмыртқаның сарысын жылы сумен жуып тастаңыз.

 Егер бет терісі құрғақ болса, дереу нәрлендіретін крем жаққаныңыз жөн.
 Мұндай масканы аптасына 2 рет жасап тұрған артық болмайды.

anabol.kz
нравится:    983
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии