19 Ноябрь
22:05
Астана: -2 °C
Алматы: -4 °C
USD/KZT: 332.21
EUR/KZT: 391.74
RUB/KZT: 5.57
CNY/KZT: 50.08
Экономика
18 сәуір 11:47
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Жұмыс аптасын сәтті бастаудың 5 тәсілі
Адамдар арасында апта қалай басталса, солай аяқталады деген пікір қалыптасқан.  Көпшілік адам демалыстан кейін қалыпты жұмысқа икемделе алмай, қиналып қалады. Осы ретте төменде келтірілген қарапайым  кеңестер Сізге жұмыс аптасын сәтті бастауға өзінің көмегін тигізеді.




1. Жексенбі күні ерте ұйықтауға дағдыланыңыз



Демалыс күнерден кейін өзіңіздің шынымен демалғаныңызды сезіну үшін демалыс күндері ұйқаңызды жақсылап қандырып алыңыз. Оның үстіне жекесенбі күні ерте ұйықтауға дағдыланыңыз. Кем дегенде 9-сағат ұйықтау керек. Бұл жұмыс аптасын сәтті бастауға түрткі болады-мыс.

2. Алдын-ала жұмыс кестесін құрастырып қойыңыз

Көпшілік адамдар дүйсенбі жұмысқа келген кезде қандай жұмыстар жасайтындығы туралы алдын-ала ойлай бермейді. Өзіңіздің жұмысқа деген уәждік құлшынысыңызды арттыру үшін дүйсенбі күнге арналған жұмыс жоспарды жасап қою керек. Жұмыс аптасының бірінші күнін дұрыс жоспарлау, апта бойына сәттілік әкелуі әбден мүмкін.

3. Өзіңіздің не үшін жұмыс істегіңіз келмейтіндігін түсінуге тырысыңыз



Егер сізде дүйсенбі ғана емес, аптаның барлық жұмыс күндері ішінде жұмыс істегіңіз келмейтін сезім болса, оның оның себептерін анықтау қажет. Сіздің дүйсенбі күні бойынша еңбек өнімділігіңіз, жалпы жұмысөа әсер етеді ме? Немесе сіз қандай да эмо­ци­о­нальдық көңіл-күйде жүрсіз бе?
Себептерді анықтағаннан кейін оны шешудің жолдарын қарастыру қажет.Мәселен, қосымша демалыстар алып ойды сергіту немесе күйзелісті жеңетін спортпен айналысу.

4. Демалыс күндері жұмыс туралы ойламаңыз

Кейбір адамдар апта басында да шаршаңқы күйде жүреді. Оның басты себебі ауыр жұмыс аптасынан кейін толық демалмау. Сондықтан да демалыс күндері сіз жұмыс туралы мүлде ұмытыңыз. Бұл жағдай қызметіңізде сәттіліктер әкеледі.

5. Дұрыс жұмыс киімін таңдаңыз



Неге ірі компаниялар қызметкерлерінен ресми түрде киім киюін талап етеді? Оның өзінің себептері жеткілікті... Адамның киген киімі оның қызметіне деген көзқарасын өзгертетіндігін арнайы сарапшы мамандар дәлелдеп отыр.
Бұл да адамдардың жұмысқа деген ынтасын көтерудің бірден-бір тәсілі. Ең дұрысы өзіңізді жұмыс барысында жайлы сезінетін киім үлгісін таңдаңыз.

Дереккөзі: insider.pro
нравится:    933
Теги: Бизнес, Главная, Тұлға,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии