businessnews.kz сайты хабарлайды">
Экономика
25 сәуір 14:59
Жұмыс іздеушілердің 74,3% ағылшынша біледі
Қазақстандық HeadHunter агенттігі 2016 жылдың бірінші маусымында жұмыс іздеушілердің мәліметтерін сұрыптап, олардың арасында 74.3% ағылшын тілін білетінін анықтады. Бұл туралы businessnews.kz сайты хабарлайды.



Бірнеше тілді меңгергендердің 74.3% ағылшын, 6.3% неміс, 4.6% түрік, 2.6% француз және 1.7% қытай тілін білетіні белгілі болды.
Агенттік қызметкерлері сонымен қатар екі қолға бір күрек іздеушілердің жас ерекшеліктеріне де тоқталған. Нәтижесінде, 20-30 жас аралығындағы жұмыс іздеушілер 56.5%, 30-40 жас аралығындағылар 24.6%, 40-50 жас аралығындағылар 8.6%, қалғаны 50-60 жас аралығында екені белгілі болды.
Айта кетерлігі, соңғы уақыттарда ғаламтор арқылы жұмыс іздейтіндердің жастары біртіндеп жоғарылап келе жатыр. Мәселен, қазір жұмыс іздеушілердің 12.6% жастары 40-тан жоғары.
Сонымен қатар, hh арқылы жұмыс іздеушілердің 43.4%-ның 6 жылдан артық еңбек өтілі бар. Ал 23.4% 3-6 жыл аралығында еңбек еткен. Ал 20%-ға жуығы 3 жылға дейін жұмыс істеп көрген азаматтар. Ал 15.1% бұрын-соңды жұмыс істеп көрмегендер немесе енді ғана еңбек жолын бастаушылар.

Комментарии




Яндекс.Метрика