17 Август
21:43
Астана: 23 °C
Алматы: 20 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Экономика
4 сәуір 12:48
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Жұмыс күнінің басында көпшілік жіберетін қателіктер


Жұмыс күнінің алғашқы кезеңдері маңызды мәнге ие және ол жұмыс уақытының қалған бөлігі үшін белгілі бір рөл атқарады. Егер сіздің жұмыс күніңізді кешігуден, реттелмеген топ-топпен жинақталған хаттардан басталса, онда жұмыс күнінің ойдайғыдай сәтті өтуіне сену қиын.

1. Жұмысқа кешігіп келу



Жұмысқа кешігіп келу бүкіл жұмыс күнінің сәттіліктерін бұзуы мүмкін.  Жақында зерттеуші мамандар, басшылар, олардың кешке қалып жұмыс жасауын есепке алған күннің өзінде де, жұмысқа кешігіп келетін қызметкерлердің жұмыстарын төмен бағалайтындықтарын анықтады. Әрине, бұл әділетсіз бағалау. Сондықтан да жұмысқа кешікпеу сәттіліктің бір кепілі.

2. Әріптестерімен амандаспау

Кеңсеге келген кезде қасыңыздағыдағы әріптестеріңізбен амандасу өзіңе де және өзгелерге де жақсы көңіл-күй сыйлайды. Бұл жұмысты сәтті бастауға мүмкіндік береді.

3. Кофе ішу


Егер сіздің төектен тұрған бойда кофе ішу әдетіңіз болмаса, сіз егер жұмысқа келгеннен кейін бірден ыстық шәй ішушілер қатарынан болсаңыз, онда мына кеңеске көңіл аударғаныңыз абзал.

Зерттеуші мамандар кофені  9:30 сағаттан кейін ішкенді дұрыс деп есептейді. Себебі біздің энериялық санымызды реттеп отыратын кор­ти­зо­л гормоны көпшілік жағдайларда таңғы 8-ден 9-ға дейіні уақыт аралығында жоғары көрсетішке ие болады. Егер сіз дәл осы біз айтқан уақытта кофе ішетін болсаңыз, онда ағза кор­ти­зо­лды бөлуді төмендетеді және сіздің кофеге тәуелділігіңіз артады.

Ал 9:30 дан кейін қандағы горман деңгейі төмендей бастайды.

4. Алған хаттардың барлығына жауап беріңіз

Алған хаттарға жауап бермес бұрын, жалпы хаттарға шолу жасап, ең маңызды және жедел уақыттарға белгіленген хаттардан бастау абзал.

5. Алдын-ала жоспарсыз жұмысты бастау



Жұмыс  күніне шамалап болсын жұмыс жоспарын жасаңыз. Бұл шаруа күнтізбедегі маңызды жұмыстарды уақытымен атқаруға септігін тиізеді.

6. Жұмысты барынша оңай әдіспен бастауға тырысыңыз

Зерттеуші  мамандар, жұмыс аяғына қарай адамның күш-қуаты кеми түседі. Сондықтан да жұмыстың бірінші бөлігінде маңызды және күрделі мәселелерді шешуге күш салған дұрыс.

7. Бір уақытта бірнеше жұмысты қатар атқару



Кей кездері біздің күш-қуатымыз артып, бірден тау-тас қопарып тастағымыз келіп, бір уақытта бірнеше істің басын қайыруға тырысып жататындығымыз шындық.

Зерттеуші  мамандар, бұл әдіс жұмыс нәтижесіне өзінің кері әсерін тигізеді дейді. Сондықтан да мұндай қателіктерден бойды аулақ ұстап, жұмысты рет-ретімен  орындау қажет.


Дереккөзі: insider.pro.
нравится:    737
Теги: Главная, Тұлға,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии