Әлем жаңалықтары
28 қазан 12:21
Жұмысқа деген құштарлық денсаулықты нығайтады
Соңғы зерттеудің нәтижесі мынаны көрсетті: өз жұмысына эмоционалдық құштарлығы басым қызметкерлердің психологиялық тұрғыдан денсаулығы мықты болады.



Қызметкерлердің өз ұйымына деген бейілділігі кадрлардың ыдырауын тежейді, деп хабарлайды The Express Tribune. Мамандар егде жастағы қарияларға күтім жасайтын 5000 қызметкерлерді бақылай келе осындай тұжырым жасады. Ғалымдар өз ұйымына жан-тәнімен берілген қызметкердің денсаулығы әлдеқайда мықты екенін байқады. Сондай-ақ мұндай қызметкерлер басқаларға қарағанда сирек ауырады және ұйқысы бұзылмайды. Ғалымдар бұл тұжырымдама қызметкерлердің жұмыстан «күйіп кетуден» қорғап қалуға көмегін тигізеді деген сенімде. Айтпақшы, Гарвард университетінің мамандары жақында тәжірибе жүргізіп, мынадай жаңалық ашқан болатын: басшысынан жиі мақтау естіген жұмысшы өз міндетін құштарлана атқарып, қызметінен кетуге құлшыныс танытпайды. Сол себепті мамандар басшыларға қол астындағы қызметкерлерін көбірек мадақтап, кемшіліктерін бетіне баспауға кеңес береді. Бұл үлкен нәтижеге қол жеткізеді.

Дереккөзі: http://7sunews.kz/

Комментарии




Яндекс.Метрика