|    |  
18 қаңтар 2020
22:17
қаз
​Жұмыстағы ер адамдармен қалай тіл табысу керек
31 мамыр 2017, 12:37 66

Нәзік жандыларға өмірде ғана емес, кәсіпте де өз орнын табу қиынға соғып жататыны белгілі дүние. Қалыптасқан қағидаға сүйеніп әйел адам бала туып, үйде отыру керек дейтіндердің қатары қазір сиреп келеді. Себебі, қырық жаны бар қауым өзін бұл тұста да дәлелдей білді. Дегенмен, затың әйел болғасын, еркектермен теңесе жұмыс істеу аздап қиындық тудыратын шындық. Бірақ, қам жемеңіз, олармен тіл табысудың тәсілін біз айтып береміз.

 Оларға қылымсымаңыз! Иә, кез-келген еркек әйел көре қалса сөзбен болсын «соғып» кетуге дайын тұрады. Шамаңыздың келгенінше әріптес жігіттерден аулақ болған дұрыс. Себебі, махаббат болып, бірақ айырылысып кетсеңіздер сізге жақсы атақ келмейді.

Олармен дос болыңыз! Жігітті жылы сөйлегені үшін жақсы көрудің қажеті жоқ. Оларға үнемі жігіт ретінде қарамай, досыңыз ретінде қабылдап көріңіз. Сосын, олардан қорқудың да қажеті жоқ. Әсіресе, жігіттер оныңызды сезіп қойса ашулануы да мүмкін. Ал, досы ретінде сөйлесе алсаңыз жұмысыңызға көмегі тиеді. Ерлердің көзі жоқ деп ойламаңыз, олар бірінші күні-ақ, сіздегі артықшылық пен кемшілікті саралап қояды.

Эмоцияңызды жасырыңыз! Жұмыстағы әріптестеріңізге жағдайыңызда айтып шағымдану мүлде дұрыс емес. Жыламаңыз, қарқылдап күлмеңіз, айқайға баспаңыз! Өзіңіздің қадіріңізді кетірмеу үшін, артық кетпегеніңіз дұрыс. Одан кейін, оларға біреуді жамандап, өсек айтудың да қажеті жоқ.

Олардың жан дүниесін тануға талпынбаңыз! Еркектердің мұңын тыңдап, оларды балаша мәпелеу үлкен қателік. Әсіресе, жұмыстағы ер адамдарды аяғаннан оның тапсырмасын орындап беретін бикештер бар. Оларды еркінсітіп алғыңыз келмесе тоқтатыңыз.


Дереккөзі: ikerim.kz
 


Жаңалықтар